» » » Қызылорда тұрғыны Конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды

Қызылорда тұрғыны Конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды

  Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегі диагнозымен бір азамат көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын облыста Конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен үш адамның ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Шиелі ауданы Досбол би ауылының 29 жастағы тұрғыны 15 маусымда Шиелі аудандық ауруханасына жатқызылған еді. Науқас кеше, 24 маусым күні ауруханада көз жұмды.
«Науқасқа тиісті емнің барлығы жасалды. Конго-қырым қанды безгегі диагнозы нақтыланды. Сондай-ақ Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіне қарайтын Сабалақ елді мекенінде тұратын 1985 жылы дүниеге келген азамат 22 маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған еді. Науқасқа Конго-қырым қанды безгегі болжамды диагнозы қойылған. Бұл бойынша зертханалық тексерулер жүргізілуде, диагнозы әзірге нақтыланған жоқ», - деді Қызылорда облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова.
Соңғы жылдарда Сыр өңірінде кенелі аймақтар қатары артып кетті. Қазіргі таңда аймақта 123 елді мекен 2019 жылдың эпидемиологиялық маусымында аталмыш ауру бойынша қолайсыз аумақ ретінде тіркелген.
26 маусым 2019 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031