» » » Қазақстан «Союз МС-11» ғарыш кемесін қондыруға дайындалуда

Қазақстан «Союз МС-11» ғарыш кемесін қондыруға дайындалуда

2019 жылдың 25 маусымында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8 сағат 48 минутта басқарылатын көліктік «Союз МС-11» аппаратының қондырылуы күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Роскосмос баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ресейлік ғарышкер Олег Кононенко мен ғарышкер Энн Макклейн (NASA) және Дэвид Сент-Жак (Канада ғарыш агенттігі) капсуласы Қазақстанның Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде қонуы керек.
«Союз МС-11» ғарыш кемесінің халықаралық экипажының іздестіру-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ететін Орталық әскери округі (ОӘО) метеорологтарының хабарлауынша, қону жоспарланған аумақта ауа райы жауын шашынсыз, бұлттылықтың төменгі шегі - 2000 м, ауа температурасы + 30 градустан сәл жоғары болады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Орталық әскери округінің 200-ге жуық әскери қызметкері, 12 Ми-8 тікұшағы, төрт ұшақ (Ан-12 және Ан-26) және 20 техника, соның ішінде алты іздеу-эвакуациялау құралдары тартылады.  
28 маусым 2019 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031