» » » "Охотзоопром"-ның 3 қызметкерін ұстады

"Охотзоопром"-ның 3 қызметкерін ұстады

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және "Охотзоопром" РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 16 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 17.47 шамасында Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан "Тышқантам" аймағында "Охотзоопром" РМҚК "Ланд Крузер ЛХ76"маркалы қызметтік автокөлігі тоқтатылды.
Автокөліктерді сырттай қарау кезінде артқы бамперде қан іздері байқалып, полиция қызметкерлері жүргізушіден жүк салғышты ашуды талап еткен.
Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісі және жанында отырған 2 "Охотзоопром" ӨБ РМҚК қызметкерлері полицейлердің талаптарына бағынудан бас тартып, оқиға орнынан автокөлікпен бой тасалаған.
Одан кейін полиция қызметкерлері қашқан автокөлік артынан жүріп отырып «Охотзоопром» тұрағында ұстаған.
Автокөлікті қарау жүргізу барысында салонынан 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор табылып заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сонымен қатар, автокөліктің артқы жүк салғышынан 1 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануар денесі анықталды.
Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармақтары бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу, адамдар өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
17 қаңтар 2020 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031