» » » Еңбек министрлігі қанша адамға 42 500 теңге төленгенін хабарлады

Еңбек министрлігі қанша адамға 42 500 теңге төленгенін хабарлады

  Әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Бүгінгі күнге дейін 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
"Бүгінгі күнге 3 миллион 703 мың адам өтініш берді, ал жалпы өтініштер саны 4 миллион 900 мың. Оның ішінде 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Есепшоттарына 75 миллиард 600 миллион теңге аударылды", – деді Нұрымбетов онлайн-брифингте.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұл санатқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да кіреді.
Әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Еңбек министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдайдың 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға төлем екінші рет беріледі.
Әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар: 
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • карантин жарияланған елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын, міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар.
Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
Бұдан бөлек, еңбек министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты.







13 сәуір 2020 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31