» » » Ұн бағасы қымбаттаған

Ұн бағасы қымбаттаған

Бір жыл ішінде бірінші сұрыптағы ұн бағасы 19%, жоғары сұрыптағы ұн бағасы 23% өсті. Жыл басынан бергі бес айдың қорытындысы бойынша елде 1,28 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5% аз, деп хабарлады energyprom.kz.
Сектордағы өндірістің ең көп көлемі Қостанай облысында байқалды: 402,5 мың тонна ұн өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 0,6% аз. Бұл республика бойынша ұн өндірісінің 31,5%-ын құрайды. Шымкенттік өндірушілер 11,3% ұнмен қамтамасыз етті: 144,4 мың тонна ұн шығарылды, бұл былтырғыдан 33,5% аз. Ақмола облысының үлесіне 10,7% тиесілі: 137,1 мың тонна өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 11,4% аз. Елдегі ұнға деген сұранысты қазақстандық өндірушілер толығымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ биыл экспорт көлемі де айтарлықтай төмендеген. Осы категория бойынша: « «E-colledge» платформасы: Қызылорда колледждері автоматтандырылған жүйеге көшті Шымкентте синтетикалық есірткі сатқан интернет-дүкен анықталды »
24 маусым 2020 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31