» » » Қызылорда қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

   
Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Пакуатдин Сыражадинұлы, 1983 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері», 2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің «Экономика саласын құқықтық реттеу», 2016 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» ЖШС геодозист болып бастаған.
2007-2008 жж. «Жер KZ» маманы;
2008-2010 жж. Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы;
2010-2012 жж. Қалалық жер қатынастары бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы;
2012-2017 жж. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2017 қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Тасбөгет кентінің әкімі қызметін атқарып келді.
24 тамыз 2020 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930