» » » Ұялы телефон арқылы жұмыс табуға болады

Ұялы телефон арқылы жұмыс табуға болады

Қазақстанның электронды еңбек биржасы ресми түрде ашылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, қазіргі кезде  www.enbek.kz сайты пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. «Келесі аптада біз аталған электронды еңбек биржасын ресми түрде іске қосатын боламыз. Қазірдің өзінде сайтқа кіріп, республика бойынша бос жұмыс орындарын табуға болады. Болашақта барлық компаниялар электронды еңбек биржасына өз вакансияларын орналастырса, жұмыс іздейтін азаматтар өз түйіндемелерін жариялай алады. Осының арқасында жұмыс берушілер үшін қажетті маманды табуға мүмкіндік бар», - деді Н.Әлтаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, электронды еңбек биржасы арқасында кез келген азамат ұялы телефонымен жұмыс таба алады. «Енді жұмысшылар мен жұмыс берушілер ұялы телефон арқылы өзіне қажетті қызметті де, маманды да таба алады. Бүгінде аталған ақпараттық базада 38 мың кәсіпорын өз вакансияларын, ал 36 мың адам өз түйіндемелерін орналастырды. Осы уақытқа дейін 17 мыңнан астам адам электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұрды», - деп атап көрсетті Н.Әлтаев.

18 ақпан 2018 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930