» » » ҚАЙРАТ НҰРТАС СЫЙАҚЫ ҰСЫНДЫ

ҚАЙРАТ НҰРТАС СЫЙАҚЫ ҰСЫНДЫ

Жуырда белгілі әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында «Сүйген қалам» атты сайыс ұйымдастырды. Шарты – туған қалаң жайлы видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеу. Осы жарыста I орынды және 250 000 теңге сыйақыны Орданың жастары иеленді. Олар Инстаграмда көңілді бейнероликтерімен танымал «ee_Go» тобының мүшелері – Азамат Тұрсынбай, Ғани Сайлаубек, Нұртай Төреахмет, Сейітжан Қайырбек.
Сайыста жеңуге жәрдемдескен видеоның идеясын жігіттер бірігіп ойластырған. Көптің көңілінен шыққан роликте Азамат Қызылорданың көрікті жерлерін көрсетеді. 
– Университетте Ғанимен танысқаннан кейін бірігіп бірнеше видео түсірдік. Әлеуметтік желіден Нұртай көріп, оператор болуға ұсыныс білдірді. Бұл сайыстың өтетіні туралы да Нұртай айтқан. Жарыстың шарты бойынша топта төрт адам болуы тиіс. Содан кейін жанымызға Сейітжан қосылды. Осындай жастарды отансүйгіштікке баулитын шаралар жиі ұйымдастырылса екен. Бұл жастардың шығармашылық дамуына ықпал етіп, шабыт сыйлайды, – дейді ee_Go жобасының авторы Азамат.
Олардың мақсаты – әлеуметтік желіде күлкілі ғана емес, көрерменді толғандырып, ой салатын видео да түсіру еді. Мәселен, «Кім кінәлі» атты видеода жас әке ұлды болады. Дүкеннен ішімдік алып, қуанышын достарымен бөліседі. Бөтелкені тауысып, достары қатты жылдамдықта көлік айдайды. Бұл – мақтануды жақсы көретін бүгінгі жастардың көрінісі. Жас әке – мас әке жол бойына шыға бергенде көлік қағады. Экранда қараңғылық пен жаңа туған сәбидің шыр еткен дауысы естіледі.
Жаңалыққа құштар, креативті топ келешекте Сыр елінің абыройын асқақтатып, сапалы әрі мағыналы фильмдер мен қысқаметражды кино түсіруді жоспарлауда.
«Сүйген қалам» сайысында III орынды да қызылордалық жастар жеңіп алды. Қызықты сюжет арқылы қаламыздың көрікті жерлерін насихаттай білген Мирас Досжанов және Аруна Баймұханбетова бүгінде 5-сынып оқушылары.
– Сайысқа қатысуға балалар өздері ниет білдірді. Оқиға желісін бірге ойластырдық, – дейді Мирастың анасы. 
Шараны ұйымдастырушылардың бірі Гүлзира Айдарбекова өзінің парақшасында «Томпақ бала және сүйкімді қыз, жеңістерің құтты болсын! Сендер біздің есімізде сақталып қалдыңдар» деп жылы лебізін білдірді.
ӘселБЕГМАН
23 ақпан 2018 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031