Әнші балапан

Қанат қақты

Қазақ радиосынан жүректі тербейтін балаң дауыспен керемет ән орындалды. Кәсіби әншінің орындағанына сенімді болатынмын, алайда ән аяқталғанда 12 жасар оқушы  Ернар Мақсатұлы деп хабарлады.
   Ол №23 мектептің 6 сынып оқушысы. Әлемнің талай сахнасында өнер көрсетіп жүрген қызылордалық жас әнші – Ернар Мақсатұлы. Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастырумен өткен республикалық «Дала сазы» байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде, «Әсем әнім» конкурсында гран при,  халықаралық «Сайра, бұлбұлым» фестивалінде ІІ жеңіп алған.
Ернар сахнада мықты-мықты өнер иелерімен бірге ән салып жүр. Болашақта Роза Рымбаевамен ән айтуды армандайды. Ернар Айдар, Қайрат Нұртас, Төреғали Төрелі сынды жас әншілерді мақтан тұтады.
  • Сахнада 5 жасымнан өнер көрсеттім. Әншілік әкемнен дарыған қасиет болса керек, ол да ән айтады, домбыра тартады. Болашақта атақты әнші болғым келеді. Жарысқа қатысарда жүлде алуды емес, елімнің атын шығаруды мақсат тұтамын. Еліміздің туын көкке көтеруге үлесімді қоссам деймін. Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді ғой. Ұлттық өнерімізді бізге жеткізе білетін салалардың бірі – музыка. Сондықтан музыканы ұнатамын, – дейді Ернар Мақсатұлы.
     Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табатыны жасырын емес. Әкесі –Мақсат Әшімов өнерге жақын, ақындығы бар, домбырашы, өте білімді жігіт. Ол бала кезден домбыра, гитара тартып ән айтқан. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, бірнеше өнердің құлағын ұстаған талант иесі. Әкеден дарыған бұл өнер қарындасы Нұрай, інілері Ерасыл мен Ерсайынның бойында да бар. Анасы – Мөлдір Әшімова ұл-қызын өнерге баулып жүр. «Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті» деп халық даналығы айтқандай, ата-әже үшін немеренің орны бөлек. Бүгінде «баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» демекші Ернар бағып-қағып өсірген әжесі немересіне әрдайым тілекші.Әр адамның өмірінде тағдырын түбегейлі өзгертетін аяулы жан болады. Ол – ұстаз. Жүрегіміз алып-ұшып мектепке алғаш рет келген кезде қолымыздан жетектеп, партаға отырғызатын да осы жан. Ернардың алғашқы ұстазы – Айнұр Атырауова. Өнердегі ұстазы – Бағдагүл Есмұрзаева. Қызылордалық жастардың өзге елде жақсы өнер көрсетуіне, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуіне, қалалық мәдениет үйінің ұстазы – Бағдагүл Сайынқызының сіңірген еңбегі зор.
  – Ернардың өнерге деген құлшынысы ерекше. Ол сахнада ән айтқанды жақсы көреді.«Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деген. Мен Ернардың болашағынан зор үміт күтемін. Ол сахнада өзін қалай ұстау керегін жақсы біледі. Ән айтуда да өзіндік ерекшелік, шеберлік бар, – дейді ұстазы.
Кішкентай Ернар қалалық мәдениет үйінің жанынан құралған вокальдық «Сыр-сандуғаштар» тобының мүшесі. Жалағаштық ақын Кендебай Атырауовтың «Біз осындай қазақпыз» әнімен Алматыда өтетін «Біз бақытты баламыз» және Сочи қаласында «Черноморсий олимп» халықаралық байқау фестиваліне жолдама алды.
Мөлдір САБЫРЖАН
12 наурыз 2018 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930