» » » Балалықтың бақытты формуласы

Балалықтың бақытты формуласы

Бүгінгі балалық шақтың формасы өзгеріп кеткен. Рас. Бұрынғымен салыстыруғакелмейді. Бұрынғы 5 жасар баламен бүгінгі 5 жасар баланың ойлау қабілеті мүлде өзгеше. Әсіресе, қалалық елдімекенде. Баласының жеткілікті білім алуына ата-ана қаржыны аямай-ақ салуда. Алдымен, мектепалды даярлық топтары. Кейіннен түрлі үйірмелер, ағылшын тілі, менталды арифметика, шахмат, сурет, қолданбалы өнер... тағысын тағы. Үйірменің атынан аяқ сүрінеді. Қала берді үй тапсырмасын орындату үшін де баланы жекелеген оқу орталықтың табалдырығына «байлап» бердік. Өзгеден қалмасын деген ой баяғы. Сөйтіп, баланың тағдырын бәсекеге салдық. Ана жаққа, мына жаққа апарып, баланың өздігінен ойнауына, ойлауына шек қойдық. Психологтардың пайымдауынша, балалық шақта ең керегі осы – ойын. Бүлдіршіннің өз бетінше ойнап, ойлауы. Шешім қабылдап, тағырықтан жол табуы. Өзгелермен ортақ диалог құруы. Өз қателігінен сабақ алуы. Риясыз қуануы. Алаңсыз асыр салуы. Мұның бәрі бала бойына ойын процесіарқылы  қалыптасады.
Бұрын ше? Балалардың таңертеңнен қара кешке дейін ойыны қанбайтын. Арттық міндеттеу жоқ. Күн ұзаққа далада емін-еркін. Үйге келе ата-әжесінің мейіріміне бөленетін. Қазір ондай ойынға да, мейірімге де уақыт жоқ. Баламен өзара әңгімелесу, сырласу да қалған. Себебі қазір жылдамдықпен жарысқан уақыт.
Білім саласындағы бәсекелестік тіпті жоғары. Мамандықтар да, білім саласындағы өзгерістер жыл өткен сайын күрделене түскен. Түрлі реформалар соның көрінісі. Осы реформаға ілескен ата-ана да бүлдіршіннің балалық шағын «ұрлауда». Кезінде Білім және ғылы министрі болған А.Сәрінжіпов «Біз әлемде жоқ мамандыққа баламызды оқытамыз» деп әзілдеген еді. Бүгінгі көрініс тура сол. Кіл күштіде кім күштіні анықтауға көшкендейміз. Ал осы жанталастың тасасында ұмыт қалған баланың бақытты формуласы  ше?.. 
13 желтоқсан 2017 ж. 601 2

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 17:43
L Thyroxin Ohne Rezept Bestellen viagra vs cialis Clomid Acheter En Ligne

Гость JeaKeenny от 12 наурыз 2019 19:22
Cialis Paypal France viagra prescription Diflucan Online Prescription Progesterone Can I Purchase Best Website No Doctor

PDF нұсқалар мұрағаты

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

26-303

27 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031