» » » Желі қолданушысы Димашқа қатысты дабыл қақты (видео)

Желі қолданушысы Димашқа қатысты дабыл қақты (видео)

  Мынау қызық болды ғой! Бұған Димаш не дер екен? Сенгіміз келмейді, бірақ мына пікірге де амалсыз назар аудардық. 
Танымал блогер Ботагөз Иса Димашқа былай деп үн қатыпты.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Автордың жазбасын қаз-қалпында беріп отырмыз. 

«Эх Димаш, Димаш!

Сенің қытай тілінде айтқан әндеріндi саяси-тәрбие лагерьде қамаудағы ағайындарға тыңдатады екен.
Қандай масқара! Мен сенің орныңда болсам шіркін, Қытаймен келіскен бәр келісім шарттарды жыртып беттерінде лақтырушы едім!
Қытайда әндерін, Қытай ұшақтардындағы, әуежайда жарнама портреттерін пайдалануға тиым салғысу шем. Мейлі «неустойка» төлеу үшін жарты өмірім кетсе де. Немесе ұяттан өлетiн шығармын. Алла куә..» – деп жазыпты Ботагөз Иса.
«Алла берген талантпен адам халқына кызмет ету керек.
Олай болмаса, миллион ақша тапсада, мен үшін құны бес тиын!»
– депті ол бұған қоса. 

Ол жақта не болып жатыр? 

Айта кетсек соңғы кездері Қытайдағы қандастарға қысым күшейіп жатыр. Күрт құбылған көрші елдің саясаты салдарынан жүздеген, мыңдаған қазақ жапа шегуде. Жазықсыздан жазықсыз абақтыға қамалған қандастарымыздың саны артып келеді. 
Күні кеше Қазақстанға Қытай түрмесінен атақты айтыскер ақын Гүлсінай Бейсен қашып келген болатын. Ақын жуырда жас босанған, Алматы облысы Жаркент қаласы Кіші Шыған ауылында үй жалдап тұрады.
Бұл туралы желідегі парақшасында актер Бақыт Тушаев жазған еді.
“Күйеуі мен әкесін Қытайлар түрмеге қамап тастаған. Гүлсінайды да ұзақ уақыт түрмеге қамаған. Тек, ауыр аяқ болғаннан соң ауыр жұмысқа жекпей, түрменің асxанасына жұмысқа салған.
Түрмеде бірнеше мың қазақ-ұйғыр әйелдері киім және мақта салатын кең қап тігеді екен. Асxанадағы жұмыстың өзі ауыр аяқ әрі айы-күні таяп отырған жүкті әйелге оңайға соқпаған.
Түрмеде күніне үш сағат кілең Қазақстанды және Түркияны жамандайтын телебағдармалар көрсетіледі екен. Жай көрсетіп қана қоймай, әр бір адам көргендерінен алған әсерін айтуға міндетті болыпты. Босанатын күні таяған Гүлсінайды Қытай сақшылары 20 күнге уақытша босатқан.
Қолынан қолxат алып, белгілеген доxтырxанаға барып баласын туып болған соң, баласын біреуге тапсырып, 20 күннің ішінде аталмыш түрмеге өздігінен қайтадан келуге міндеттеген. Гүлсінай осы орайда Қазақстанға қашып өткен.
Паспортын Қытай сақшылары тәркілеп тартып алған ғой, сақшыларға пара беріп паспортын бір сағатқа сұрап алып Қазақстанға қашып өткен екен!!!
Гүлсінайдың түрмеге түсер еш қылмысы жоқ. Бар болғаны күйеуі екеуі Қазақстанға осыдан аз уақыт бұрын қоныс аударған. Қазақстандағы құжаттық жұмыстарын реттеп болған соң Қытайдағы үйі мен автокөлігін сату үшін Қытайға барған. Қытайдың Қорғас шекарасында бұларды бірден тұтқындаған. Гүлсінайдың қазір басында үйі жоқ. Үй жалдап отырады. Асыраушысы жоқ. Күйеуі мен қарт әкесін Қытайлар түрмеге қамап отыр.
Ол түрмелер “саяси үйрену орталығы”-деп аталады. Еш заңдық құжатсыз, сотсыз, прокуратурасыз тіке қамайды. Мерзімі қалағанша өзгереді.
Қылмыс тұрақтандыруға, қамауға алуға еш дәлел, еш заңдық барыс керек емес. Кімді қамайды, қанша мерзімге қамайды, бәрі жергілікті құқық орындарының қалауымен болады.
Оларға шексіз билік беріп қойған. Қазақстанға келіп қайтқан қазақтың кез-келгенін қаласа қамайды, қаласа соттайды, қаласа қоя бере салады… (жазбаны толықтай төмендегі сілтемеден оқи аласыз). 
https://youtu.be/8yPb8gf9_8U
12 маусым 2018 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31