» » » Жамбылдың домбырасы және пілдің сүйегінен жасалған көне күйсандық

Жамбылдың домбырасы және пілдің сүйегінен жасалған көне күйсандық

  Өткенде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне жол түсті. Құрылғанына 15 жыл толған музейде қазақ тарихынан мағлұмат беретін көптеген жәдігерлер сақтаулы тұр екен. Онда XІX-XX ғасырда пайдаланған ыдыстар, үй жабдықтары және шыққанына 100 жылдан асқан музыкалық аспаптар да қойылыпты.
Менің көзіме түскен алғашқы аспап Германияның Фрайбург қаласында жасалған пианино болды. Оны 2005 жылы 18 мамырда халықаралық музейлер күнінде қала тұрғыны сыйға тартқан. Сонау ХІХ ғасырда жасалған күйсандықтың сол қалпында сақталғаны таңқалдырды. Пианиноның қазіргі заманғы түрі бұдан шойын қақпа, тоғыспалы шектер, дыбыс аралығы 7 октаваға дейін баруымен алға шығады. Дегенмен оның бүгінгі рояль немесе пианинодан айырмашылығы – дыбысында. Яғни оның дауысы анық әрі біркелкі ұяң естіледі. Себебі оның басқыштары пілдің сүйегінен жасалған.
Ақмешіт музейінің төрінен орын алған тағы бір аспап ақын, композитор, әнші Нартай Бекежановтың домбырасы. Оны 1939 жылы қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыршы, жырау Жамбыл Жабаев жерлесімізге сыйға тартқан. Домбыра қызыл ағаштан жасалған. Шанағында темір металмен жазылған Бекежанов деген жазуы бар. Музей қорына 1974 жылы Бәйгеқұм ауылының тұрғыны Әлайдар Ембергенов деген кісі тапсырған.
Өз өлкеңнің тарихын білу маңызды. Осы дүниелерді сақтау арқылы өткенге көз жүгіртіп, ұрпақ санасына қазақтың салт-санасын, тұрмысын, өнерін көрсетеміз һәм насихаттаймыз. Алайда осындай тарихи жәдігерлерге халық аса бір назар аудармайтын секілді көрінді маған. Оған салмақты себеп те бар. Музей қызметшісі мнда қазақтардан гөрі орыс және өзгеде ұлт өкілдері келіп, тарихи жәдігерлерді сатып алуға ниетін жиі білдіретінін айтты. Әлгінде біз айтқан аспаптарды да бірнеше рет сұрап келген.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
06 шілде 2019 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031