Сағынғаным

 
Бұлттардың қалыбынан көрдім,

Қыркезбе шарығынан көрдім даланың.
Соқпағым сағымға маңып,
Сағынған шағымда налып
Қайда жүр едің, қарағым?
Қайтпаса сезімнен пәтім
Жеріне жұлдыздар жақын алаптан.
Тылсым-өң ғаламның әрі,
Жалғыздай адамның бәрі
Өзіне кербез қаратқан. 
Мен сені іздеп келемін,
Көк сағым тізбектеледі көк шоғыр.
Жеткенше налып қана мен
Жез айды алып барар ем
Жеті қат көкке жетсе әмір.
Білген соң мүйіз шықпасын,
Көк түгіл, жердің тұтқасын сілкілеп.
Жанарға жас әкеледі,
Жолымды баса береді бір түнек...
Сағынғаным-ау өзіңді.
СӘТ
Көңіліңе түсірдім бе қаяу-мұң?
Тағдыр біздің білмегендей аяуды,
Естеліктен түк қалмады есімде,
Саған барған жолдар қайда аяулы?
Жылы жаққа жыл құсымен кеттің бе?
Сырын айтып жүретін қыз тек түнге.
Оралмадың. Мені аяған өзіңдей,
Жанарынан жас тамады көктіңде.
Өзің жайлы ешбір жерде жоқ дерек.
Сезім енді кіммен, қалай көктемек?
Мен отырмын ренжулі ғұмырдың,
Бір өзіңмен өтпесіне өкпелеп.
Дерегің жоқ қайда кеттің, қарағым?
Шырқалмады сен кеткелі бал әнім.
Жоғалтқан күн еске орала береді,
Көз алдымда көлбеңдейді жанарың.
Сүріндірген сол күндерге кектендім.
Түсінерсің себебін бұл өкпемнің.
Қос жағада қалып қойдық, тағдырда
Сен жағына өткізбеді өткелдің.
Қайыры жоқ қалға сұрап қолдардан,
Өларада саған жетпей, өлді арман.
Сағынғанда айта алмаған күйім бұл,
Саған барып, қайта алмаған жолдардан.
Ақтілек БІТІМБАЙ
02 қараша 2019 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930