» » » Тәрбиенің сыры немесе азаматтық парыз

Тәрбиенің сыры немесе азаматтық парыз

Тарихта темір әйел деген лақап аты бар М.Тэтчер еркектің мінезіне қарап, оның қандай екенін ұғынған дейді. Оның лақап аты темір болса, маңында анау-мынау еркек жүре алмайтыны да. Ол ол ма?! Фидель Кастродан екінші дүниежүзілік соғыстың есте қалар батыры кім деп сұраса Фекең Бауыржан Момышұлы деп айтқан дейді. Былай қарасаңыз, Фидель Кастромен Бауыржан атамыздың мінезі ұқсас болған. Өр мінезді, сөзі зілбатпан. Мінезі мінез деуге тұрарлық. Яғни еркекті еркек етуге күш-қайраттан басқа мінез де қажет. Әрбір ісі кесек-кесек. Сондықтан ыстық сезімін іспен дәлелде, Отанына алғыс айтудан шаршамайтын азаматтар баршылық.
Біздің шаһарымызда жиі айтылатын Болат Өтемұратовтың қоры көп балалы аналарға 100 тұрғын үй тарту етті. Болат Қызылордада балалық шағын өткізді. Қазіргі күні Қазақстанның ауқатты адамдарының тізімінде көш бастап тұрған мультимиллионер Болат Өтемұратов – Қызылорда облысының құрметті азаматы және өзінің жасаған тартуын жария ете бермейді. Деседе оқу орындарындағы гранттар, тұрмысы төмен жандарға көмек оның туған жерге, туған жұртқа деген ыстық ілтипатының белгісін айқындайды.
Бір сұхбатында зілтемірші Илья Ильиннің «қиын» деген сөзін құлағым шалды. Бұндай темір үзер жігітке не қиындық туғызды деп ойладым. Оның меңзеп отырғаны, Қызылорда қаласындағы «Илья Ильин атындағы саябақ». Бұл жерге саябақ салардан бұрын мың толғанған көрінеді. Алайда осы тарту талай балаларға қуаныш сыйлады. Мемлекетіміздің спортшыларды құрметтейтіні, оларға жоғары көлемде жәрдемақы беретіні көпке аян. Ильяның жиған қаражатына саябақ салуға балалық шағы себеп болған. Дәл сол жерде мектептен шыққан уақытта кешке дейін доп ойнап, қызық қуып жүретін ойын баласына осындай алаң арман болған. Әйтпесе ол өзінің ақшасына зәулім үй салып, ата-анасына сыйласа да болар еді. Жерлесіміз Мұрат Әбенов былай дейді: «Ильяның ата-анасы – өте қарапайым кісілер. Олар көпқабатты үйде тұрады. Сол бөлмесі аз үйдің орнына зәулім сарай салып алуына да болар еді. Бірақ ол бұл әрекетімен спорттың жанашыры екенін тағы да дәлелдеді». Елдің ертеңі осындай азаматтар барда жарқын болары анық.
Бойында махаббаты бар адам – өте керемет тұлға. Бұның барлығы – тәрбиенің жемісі. Шаңырақтағы тәрбие – қайталанбайтын дүние.

Сонау 2000 жылдары талайдың жүрегін тербеген ән жарыққа шықты. Сол кезде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бұл ән Қазақ елінің екінші әнұраны» деген баға берген. Өзіңіз ойлап қараңыз, Ресей және Қазақстан эстрадасының жұлдызы Батырхан Шөкенов елге оралып, қалың жұртқа «Отан Ана» әнін тарту етті. Оралудың да өзіндік тарихы бар. «А Студио» тобының фронтмені Батырхан Шөкенов өзінің тобынан кетіп елге келуді ойлады. Ресейде Батырханда атақ та, абырой да жетерлік еді. Сахна примадоннасы Алла Борисқызыменде достығы жарасқан заман. Осынша уақыттан кейін елге оралуына не себеп? Басқа елді жерсінбеді ме әлде шаңырақтың тәрбиесін аңсады ма?! Белгілі музыкатанушылардың айтуынша «Отан-Ана» елу жылда бір туатын әуен екен. Ән жайлы Батырхан Шөкенов былай деді: «Бұл менің туған далама деген тағзымым болсын. Бұл – менің еліме деген құрметім. Нақты осы ән менің өмірімде жасаған орны өшпес жұмысым болды».
Бұл мысалдардың барлығы отбасындағы тәрбиенің жемісі туған жерге, елге қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала беретінін меңзейді.
Дамир АМАНГЕЛДІ
18 қазан 2020 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031