» » » Бозымбаев елiмiзде бензин тапшылығы қашан болатынын айтты

Бозымбаев елiмiзде бензин тапшылығы қашан болатынын айтты


Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев елiмiзде бензин тапшылығы қашан болатынын болжады. Министр халықты көмiрмен қамту мәселесiне де тоқталды.
«Жүргiзілген талдау нәтижесiне сәйкес, болжанатын тұтынушылық өсiмдi есепке алғанда автобензин тапшылығы 2021-2023 жылдары, дизельдiк отын тапшылығы 2023 жылы, ал әуе керосин тапшылығы 2026 жылдан кейiн пайда болуы мүмкiн. Осыған орай, келесi кезеңде жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы, қаржыландыру нұсқалары, мерзiмдерi, потенциалдық инвесторлармен келiссөздер жүргiзу жөнiнде жаңа жұмыс тобы құрылады», - дедi Бозымбаев.
Министр халықты көмiрмен қамтамасыз ету мәселесiне де тоқталды. Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап 12,7 млн тонна көмiр шығарылды. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзiмдегi көрсеткiштiң 97 пайызы. 2018 жылдың басынан берi көмiр барлайтын кәсiпорындар электр стансаларына 7,3 млн тонна көмiр жөнелттi. Халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттiлiгiне 1,2 млн тонна көмiр, ал өнеркәсiп кәсiпорындарына 952 мың тонна көмiр жiбердi. 3 млн тоннаға жуық көмiр экспортталды.
«Көмiр шығарудан 3 пайызға артта қалу бiрiнше кезекте төмен температуралармен және орта, шағын көмiр разрездерiндегi гидравлика жұмысымен байланысты. Қазiргi таңда қарқын қалпына келтiрiлдi. Менiң ойымша, осы айдың ортасында бiз көмiр шығару мүмкiндiгiн 100 пайыздан астамға дәлелдеймiз», - дедi Бозымбаев.
Министрдiң айтуынша, жергiлiктi атқарушы органдар тәулiк бойы көмiр бойынша жағдайға мониторинг жасап, Энергетика министрлiгiне ақпарат берiп отыруы тиiс. Осы ақпарат негiзiнде ведомство премьер-министрге есеп берiп отырмақ.
13 ақпан 2018 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031