» » » СТАНДАРТТЫ СҰЛУЛЫҚ

СТАНДАРТТЫ СҰЛУЛЫҚ


Арина Алиева – есімі ерекше, өзі де әдемі қыз. Биыл «Мисс Казақстан» байқауында Шымкент қаласының намысын қорғамақ. Республика бойынша үздіктерді іріктеу науқаны басталды. Жыл сайын өтетін бұл байқауға мыңнан аса үміткер қатысады. Финал. Хас сұлулар анықталды. Тек бір жаңалық дүйім жұртты таңғалдырды. Сөйтсек Аринамыздың шын есімі – Илай Дягилев екен.
Илай есімді жігіт жалған шаш жалғап, боянып, байқауға қатысқан. Ондағы мақсаты – жеңу емес, қоғамдағы қате пікірді көрсету. Ол байқаудың шынайы емес, стандартты сұлулықты насихаттайтынын айқындап берді.
– Қазір қыздардың көбі сырт келбетінің әдемі болуын бірінші орынға қояды. Бүгінде біз жалған бояу мен фотошоптың заманында өмір сүреміз. Сондықтан шынайы сұлу жанды кездестіру қиын. Бояу мен актерлік шеберлік болса, сұлулық байқауына жігіт те қатыса алады. Осылайша сыртқы сұлулық аса маңызды емес екенін дәлелдегім келді, – дейді ол.
Әлемдегі сән индустриясы қыздарға қатып қалған қағиданы жүктеп қойғандай. Себебі байқау барысында сахнаға шыққандардың бәрі бір адам секілді. Тек киімдері мен жүрісі өзгереді. Осы қыздарды салыстырып, әлемге жариялаудың не керегі бар? Қазақ қызының жартылай жалаңаш жүргенін шетел көріп, тамсанғаны кімге қажет? Бұл да сан рет айтылып, саналы шешімін таппаған мәселе.
Байқайсыз ба, қазір қыздардың қасы да, шашы да бір. Жаңа бір тренд сәнге айналса, ол өзіне жараспаса да соның соңына түседі. Мұның ішінде қасты айтуымыз бекер емес. Осыдан он жыл бұрын жіңішке қас «мода» болды. Бәрі бар қасын жұлып, орнына жіңішке сызық сызды. Соңғы бес жылда керісінше қалың қас сәнге айналды. Барлығы дәріханадан қас өсіретін май алуға асықты. Тіпті бүгінде сұлулық салонында қасты қалыңдату деген қызмет бар. Осы ретте «Неге бәрі қасын өзгертуге талпынады» деген сұрақ туындайды. Себебі қас өзгерсе адамның жүзі түбегейлі өзгереді. Сондықтан Исламда қасты жұлғанға да, жұлдырғанға да Алланың қарғысы бар делінген. Оған қоса жуырда жапон ғалымдары қас пен ми жүйке жүйесінің арасында ерекше байланыс барын дәлелдеді.
Тағы бір трендке айналған дүние – ұзын кірпік. Қыздардың бәрі жалған кірпік жалғауға көшті. Сол ұзын кірпіктің «өтірік» екені өзгеге көрінеді де, өзіне білінбейді ме екен?! Оның да айта берсең зияны жеткілікті. Анатомияны еске түсірсек, кірпіктің міндеті – көзді шаң-тозаңнан қорғау. Оған сапасыз желім мен жалған кірпік жалғанса, ол керісінше көздің айналасына зиянды бактерияларды жинайды.
Әлемге әйгілі әйелдер Мэрилин Монро, Коко Шанель, Одри Хепберн, Фрида өзіндік стилі, қайталанбас образымен тарихта қалды. Өзіміздің Меруерт Өтекешованың табиғи сұлулығы, Бибігүл Төлегенованың шаш үлгісі шынайылығымен көптің жүрегін баурап алды. Сондықтан сіздің қасыңыз, көзіңіз, сымбатыңыз дүниежүзіндегі 7 миллиард адамның бірінде жоқ. Сонымен сіз әдемісіз, сонымен сіз ерекшесіз.
Әсел БЕГМАН
 
15 ақпан 2018 ж. 1 208 1

Гость JeaKeenny от 10 наурыз 2019 20:44
Acheter Kamagra Lyon pill price levitra Want To Buy Cheapeast On Line Fluoxetine Internet

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031