» » » Құқық қорғау органдарындағы нәзік жандар

Құқық қорғау органдарындағы нәзік жандар


Н.Назарбаев:«
Қоғамның даму барысын          өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»!
Елбасымыз атап өткендей Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ.
Қазіргі заманда әйел қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Қазақстанда әйел азаматшалар тек отбасы төңірегінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте және бизнесте барлық салада кездестіруге болады.
Мысалы: Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйел заты – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бұрынғы төрайымы Сауле Айтпаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал погонын алды. Осының өзі әйелдердің бүкіл қоғам өмірінің өзегі мен тірегіне айналғанын көрсетіп отыр. Басқасын айтпағанның өзінде, прокуратура органында мыңнан астам әйелдер жемісті жұмыс істеуде.
Құқық қорғау органдарындағы нәзік жандар қызметпен қатар отбасына бар жанын салып жүгіреді. Жұмыстан кейін, артынып – тартынып, кешке келе сала білекті сыбанып жіберіп, үй ішінің қамын ойлап ас әзірлейді, бала тәрбиелейді. Мен осының бәрі әйел жүрегіндегі шексіз махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын. Бұл әлемде әйел махаббаты – ең күшті махаббат. Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер маххаббатымен мықты. Осылай нәзік жандылар бүгінгі күні отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, елінің ертеңін ойлап, халқына адал қызмет етіп, ерлермен қатар үлкен міндеттілікті талап ететін ауыр қызметтерде жұмыс істеп, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Қазір ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердіңісі болып есептелетін салад әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды және қуанады. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Оған ешкім де қарсылық танытып жатқан жоқ. Мұның барлығы адамның қабілетіне, іскерлігі мен алға қойған мақсат-мүдделеріне байланысты. Расында әйелде мейірім болмаған жағдайда өмірдегі тепе-теңдік бұзылады делінген.
Түйіндей айтқанда, әйел қоғамның тірегі, мемлекет дамуының тұғыры. Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болған болса, ендігі күні де елдік саясаттың осы бағытында мемлекет те нәзік жандылардан ұдайы қолдауға сүйенеді. Өйткені ел болашағының барлығы, тыныштық пен тұрақтылық саясатының өзегі де әйел азаматтарының қолынан өтеді.
ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің
Аймақтық көліктік басқармасының статистигі                          
   Ж.Айтбаева
07 желтоқсан 2017 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30