» » » Садықбек атаның батасы

Садықбек атаның батасы

Белгілі бір іс бастарда немесе жолға шығарда үлкен кісілердің ақ батасын алу – қазақ халқының ежелден келе жатқан үрдісі. Бата – жақсылық пен бақытқа жетудің жолы.

Соңғы кезде бата беретін ақсақалдарға көпшіліктің көңілі толмай жүр. Кейде бата тойда айтылатын тілектердің о жақ бұ жағында айтыла салады. Шындығында, тілек пен батаның мағынасы екі түрлі. Тілек ізгі ниет ретінде айтылады. Ал бата беруде шешендік пен көрегенділік, тектілік сыналады.

Қазақтың бата беру дəстүрін дəріптеп жүрген қариялардың бірі – Қызылорда облысы Аманкелді ауылының тұрғыны Садықбек Бекеев. Садықбек атаның дастарқанға берілетін батасын ерекше айтқым келеді. Себебі əр отбасында астан кейін бата айтыла бермейді. Əркім өз бетінше тұрып кете беретін отбасылар да жоқ емес. Осы бата арқылы əрбір жас өзіне үлгі алсын деген ниетпен жазып алдым.

Қолың жай, бата берейін,

Үстем болсын əрқашан

Жұрт алдында мерейің.

Ниетті Алла оңдасын,

Еш жамандық болмасын,

Ғайып ерен, қырық шілтен

Шылауда жүріп қолдасын.

Аман болсын бастарың

Адал болсын астарың.

Қиын қыстау күн туса,

Қасыңда болсын достарың.

Абырой, бақыт, бақ-дəулет

Ырыс-береке, татулық

Жиналып келіп барлығы

Осы отанға қонып өт.

Əумин!

Ботагөз АМАНГЕЛДИЕВА,

 М.Мəметова атындағы

                                                                    Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

29 наурыз 2018 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930