Ізгілік шуағы

Ұстаз мерейі
Ардақты  ана   Болған Медетова саналы ғұмырының 30 жылын  шәкірт  тәрбиелеуге  арнады. Ол бес баласы – бел баласымен бірге ел баласын да тәрбиелеген тамырын тереңге тартқан бәйтерек іспетті.
 Болған Арықбайқызы 1963 жылдың 18 қазанында Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылында  дүние есігін ашады. Әкесі Арықбай мен анасы Ханшайым алты баланы өсіріп-жеткізген, еңбегімен елге танылған, қарапайым жандар еді. «Шүкір, ұлдарының ержетіп, қыздарының бойжетіп, отбасылы болғанын көрді,  немере-шөбере сүйді» деп еске алады ұстаз ата-анасы жайында. Болашақ ұстаз Ақжар ауылының №28 қазақ орта мектебін бітірген соң, сол кездегі Н.В.Гоголь атындағы  педагогикалық институтта «Бастауыш мектепте оқытудың педагогикасы мен методикасы және қосымша қазақ орта мектептері үшін орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыды. 1989 жылы өзі білім алған алтын ұя  мектебіне оралып, еңбек жолын бастады.
Ол мұғалім деген мәртебелі мамандықтың қыр-сырына қанығып, шеберлік шыңына жетті десек артық айтқандық болмас. Бүгінде шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, өндірістің әр саласында еңбек етіп жүр. Мұғалім үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Еңбегі бағаланып,  бірнеше рет аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен, әкімдердің алғыс хатымен марапатталды. Тынымсыз еңбегі мен шәкірттеріне деген шексіз сүйіспеншілігі бағаланып, құрметке бөленді. Алдынан сабақ алған әрбір шәкіртінің жетістігіне жас баладай қуанып, өзгелерге үлгі етуден ешқашан шаршаған емес. Олардың әрбірінің атын атап, түсін түстеуге бір мақаланың жүгі көтермейтіні анық.
Болған Арықбайқызы ауылдасы  Ғабдол Қаражановпен көңіл жарастырып, отбасын құрды. Келін болып, ақ босаға аттады. Шаңырағы шаттыққа бөленіп, бала-шаға сүйді. Тұңғышы Назерке мен Нұргүл дәрігер мамандығын таңдады. Ұлдана биыл мектеп бітірді. Ұлы Нұрсұлтан  оқу озаты, 7 сыныпта оқиды. «Ұл – ырысың, қыз – өрісің» деп қазақ бекер айтпаса керек-ті. Жиен сүйіп, ата-әже атанған Болған апай мен Ғабдол аға, міне, қол ұстасып өмір айдынында қтар жүзіп келеді. Олардың отбасы ұстанымындағы ұл-қыздың иманды, ізетті, парасатты болып өсуі әрдайым бір арнада тоғысып, ізгілік шуағын шашып тұрады.
Жанар ЕСЕНӘЛИЕВА
Қармақшы ауданы,
Ақжар ауылы
07 маусым 2018 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031