» » » ЖҰМЫС УАҚЫТЫ – 36 САҒАТ

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ – 36 САҒАТ

         Жасөспірімдердің қорғалу  дәрежесі – кез келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Қазіргі таңда балалардың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Балалар өмірі сапасының халықаралық стандарттарын қамтамасыз етудегі маңызды қадам Қазақстанның 1994 жылы   БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялауы болып саналады. Бала құқықтары туралы конвенцияның жалпы қағидалары: «ҚР Конституциясы», «Еңбек кодексі», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «ҚР азаматтарының денсаулығы туралы» және т.б. еліміздің зандарында көрініс тапқан. Балалар өмірінің әлеуметтік және құқықтық кепілін қамтамасыз ету мәселелері 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында да нақтыланған.
    Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жастар болашағына аса көңіл аудару керектігін баса айтканы белгілі. Жалпы жастар, соның ішінде кәмелетке жасы толмағандар тарапынан туындайтын қоғамға қауіпті әрекеттердің көбеюі түсуі- күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің біріне айналғаны қашан.
     «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде облыстық «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік» ұлттық ақпараттық науқанның жүргізілуіне байланысты жасалған іс-шаралар жоспарында көрсетілген міндеттерді қалтқысыз орындау мақсатында кәмелетке жасы толмағандармен тығыз үгіт-насихат жұмыстары басталды.
Колледжде алдымен білім алушыларға түсіндірме жұмыстары өткізілді. Құқық пәнінің ұстаздары жазғы демалыста қауіпсіздік шараларын қаперде ұстау керегін айтып, жұмыс істегісі келетін студенттерге келісім-шарт жасалуын, еңбегіне сай жалақы алудың жолдары, жеке тұлғаны тәрбиелеуде және әлеуметтендіруде құқықтық сауатты жетілдіру тетіктері түсіндірілді.  Еңбек құқығымен реттелетін басты мәселелерінің бірі – теңбек шартымен анықталатын жұмыс уақытын белгілеу. Кәмелетке толмағандарға жұмыс уақытының қысқартылған нұсқасы белгіленген. Мысалы: 14-тен16 жасқа дейінгілерге аптасына 24, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге  36сағаттан аспайтыны туралы құқықтану пәнінің оқытушысы Ә.Берденова айтты. Сондай-ақ ата-аналар жиналысы өткізіліп, адам саудасы, балалардың маусымдық жұмысқа орналасуы, «Жасыл ел» бағдарламасы туралы, ішімдік, темекіге әуестенуі, ұрлық және суицидке бейімделуі педофильдер жайы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдың-алу шаралары жөнінде әңгімеленді. Сонымен қатар науқан аясында колледж психологы А.Тұрғамбай жасөспірімдер тобымен «Баланың еңбегі қаналмасын десек...» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырып, онда баланың отбасында тәрбиеленуі, ата-анасының қамқорлық көрсетуі, баланың физикалық және психологиялық денсаулығы, баламен қатынасу тәртібі жайында ой қозғады.
          Жасөспірімнің басындағы өзгерістерді ата-ана да, ұстаздар қауымы да дер кезінде аңғарса, көп жағдайдың алдын алуға болады. Ол үшін тығыз қарым-қатынаста болу керек. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізетін шаралар оқу орында да, үйде де, қоғамдық орындарда да жүйелі өткізіліп жатса, бұдан ұтарымыз мол.
Б.Абдибеков
«Абылай хан» атындағы жоғары
колледжі директорының
 тәрбие жөніндегі орынбасары
07 маусым 2018 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

№ 14 (291)

04 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930