» » » ҚАРМАҚШЫДА СОТСЫЗ ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА СОТСЫЗ ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қармақшы ауданында сотсыз татуласу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін «Сотсыз татуласу орталығы» ашылды. 
Жосалы кентіндегі «Аргерлер үйі» ғимаратынан ашылған татуласу орталығына аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев, аудандық сот судьясы Л.Алибекова арнайы барып, орталықтың жұмысымен танысты. «Сотсыз татуласу орталығының» мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу болып табылады. Қармақшы ауданында мұндай бастаманың жүзеге асырудың маңызы зор.  Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдағы жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру арқылы тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын.  «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған.
24 шілде 2018 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829