» » » «Айбын» әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды

«Айбын» әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды

Елiмiзде «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды. Жеңiмпаздармен ҚР Қарулы күштерi Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов таныстырды.
«Биыл төртiншi рет ұйымдастырылған жиын Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өттi. Шара елорданың 20-жылдық мерейтойына орайластырылды. Жыл сайын өткiзiлетiн «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ең ауқымды iс-шара саналады. Олардың қорытындысы бойынша үздiк әскери-патриоттық клуб айқындалады. Соңғы үш жыл iшiнде «Айбын» жиынының қорытынды кезеңiне 3 мың 110 бала қатысты», - дедi ОКҚ брифингi барысында генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Оның айтуынша, биылғы жиын қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында бiрiншi орынды Алматының Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебiнiң командасы, екiншi орынды Семейдiң Ш.Уәлиханов атындағы ер балаларға арналған «Жас ұлан» мамандандырылған мектебi, үшiншi орынды Шымкенттiң С.Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебi алды.
24 шілде 2018 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30