» » » 2019 жыл жастар саясатын қайта қарайтын жыл болмақ – Мәди Ахметов

2019 жыл жастар саясатын қайта қарайтын жыл болмақ – Мәди Ахметов

«Жас қадам» қоғамдық қорының төрағасы, Халықаралық IT университеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мади Ахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы ұсынысы жастар саясатына қалай әсер ететінін айтты.
«Елбасы 23-рет халыққа Жолдауын арнап отыр. Жолдаудың міндеті – бұған дейін жарияланған үлкен жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал ететін негізгі мақсаттарды айқындау. Жолдауда көптеген бағыттар қамтылған, оның ішінде құқық қорғау саласы мен білім беру жүйесін жетілдіру өте жақсы көрсетілген», - деп атап өтті Мәди Ахметов.
Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау соңында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы тегіннен-тегін емес деп санайды.
«Жастарды 9-10 сыныптан бастап болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға бағыттауды, жаңа 10-нан астам қажетті жаңа технологияны меңгеруді атап өтті. Екі сағаттық жиынның кульминациясы 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жәйдан-жәй емес. Елбасы тәуелсіздік алған сәттен әрбір мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығын, олардың қатысына аса мән беріп, қамқорлығын көрсетіп келе жатыр. 2019 жылы бір жыл бойы Жастар жылын атап өтуіміз тегіннен-тегін емес. Неге десеңіз, Қазақстандағы 18 млн астам халықтың 40 пайыздан астамы 14-пен 29 жас аралығындағы жастар. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан халықпыз. Елбасы көреген саясатымен болашаққа көз жүгіртіп, яғни тәуелсіздік алған жылдардан бастап аға буын жасап кеткен дүниелерді әрі қарай жалғастыратын, татулықты сақтайтын, мемлекеттік саясатты қолдайтын жастарды қалыптастырып шығару қажеттігін, яғни ұрпақтар сабақтастығы мен синергияның пайда болуын айтып отыр», - деді «Жас қадам» қоғамдық қорының төрағасы.
Жас көшбасшы барлық жасты қамтитын ортақ құжат пен Жол Картасы аясында жұмыс істейтін болсақ нақты нәтижеге жетуге болатынын айтты.
09 қазан 2018 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 (275)

13 желтоқсан 2018 ж.

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31