» » » ҚАҢҒЫҒАН ИТТІ КІМ ҚҰРТАДЫ?

ҚАҢҒЫҒАН ИТТІ КІМ ҚҰРТАДЫ?


Құтыру дерті тек итке ғана тән емес екенін ұғынған жөн. Сонау заманда ежелгі ойшылдар Демокрит және Аристотель иттің құтыруын ауыр дерт ретінде түсіндірген. Сонымен  қатар ол барлық жануарларға тән. Тарихқа көз жүгіртсек Әмір-Темірдің бұйрығымен  Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың ит қапқан әйелімен қызын арнайы өлтірген. Демек құтырудың жұғу жолы өте жеңіл. Көп жағдайда құтырған иттердің мазасы қашып, аузы көпіреді. Айналаны қоймай өз иесіне де атылатын кездер болады. Мұндай жағдайда итті дереу өлтіріп, көміп тастау қажет. Құтырып көз жұмғандардың саны бүгінде өте көп.   Мәселен,  2016 жылы елімізде осындай оқиғаның бірнешеуі орын алды. Ақтау қаласында 6 жасар қызды көше кезген бес ит тістеп алған. Кешкі уақытта достарымен келе жатқан оларға аяқ астынан бес ит шабуылдайды. Абырой болғанда барлық балалар қашып кеткен. Алайда қаңғыбас иттер жылғыз қалған қыздың жамбасынан тістеп алған. Оқиғадан кейін дереу анасы ауруханаға апарып, қажетті екпелерді салдырған. Қазір оның халі жақсы. Тағы бір дерек Шымкентте тіркелді. 28 жастағы ер адамды құтырған ит тістеген. Өкінішке қарай, зардап шегуші оқиғадан кейін көз жұмды.
Ит адамның досы болғанмен қауіп те аз емес. Кез-келген үй иесі өз серіктерін міндетті түрде тексертіп, арнайы екпе салдыру қажет. Қаланың өзін қараусыз иттен толық арылды деуге болмайды. Жұмыс шаруасымен қараңғы көшелерде жүруден жүрексінесің. Әсіресе Тасбөгет кенті, Шымбай, СМПК-70, Сәулет және Саяхат секілді мөлтек аудандарда иттің қарасы өте көп. Бұл мәселені шешудің нақты жолы бар деп ойлаймын. Өйткені зардап шегушінің орнында сіз немесе сіздің жақындарыңыз болуы ғажап емес.
Дамир АМАНГЕЛДІ
25 қазан 2018 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 46 (271)

15 қараша 2018 ж.

№ 45 (270)

08 қараша 2018 ж.

№ 44 (269)

01 қараша 2018 ж.

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930