» » » "Құлпытастың көз жасы" қойылымы тегін көрсетіледі

"Құлпытастың көз жасы" қойылымы тегін көрсетіледі


Бүгін сағат 19:00-де Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» клуб мүшелері үшін Ж.Ерғалиевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Құлпытастың көз жасы» атты драмасы қойылады. 
Аталған шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен өткізілмекші. Қойылым тегін көрсетіледі.
21 қараша 2018 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031