» » » Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақылдар өндіруші-серіктестерді іздеуде

Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақылдар өндіруші-серіктестерді іздеуде

Бұл туралы «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясының ұйымдастырушылары хабарлады. Еуропалық компаниялар белгілі бір ауыл шаруашылығы майлы дақылдарын өсіру және өңдеу бойынша қазақстандық аграрийлермен әріптестікке мүдделі. Атап айтқанда, Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany германия компаниясы «Қазақстанда арышты ауыл шаруашылығындағы әртараптандырылған өнім ретінде өсіру және қайта өңдеу» жобасы аясында біздің ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерімізбен және инвесторлармен ынтымақтастыққа дайын.
Дәл осындай нақты мақсатпен неміс компаниясының өкілдері Астанада өтетін Қазақстанның «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысуға ниетті. Германдық мамандардың айтуынша, нарықтық қатынастар жағдайында өзіндік құны төмен және тиімді бағамен гектардан жоғары қайтарым беретін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру өте маңызды. Бұл ретте олар жоғары рентабельділікті қамтамасыз етуі тиіс, ал экономикалық дағдарыс жағдайында – әлемдік нарықта неғұрлым жоғары баға бойынша экспорттық өнім ретінде сұранысқа ие болуы тиіс. Германиялық кәсіпкерлердің пікірі бойынша мұндай дақылға арыш жатады. Шикізат ретінде шет елдерде арыш майына сұраныс зор.
«Қазақстандық серіктестер тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда біз май мен шроттың 100% - ын өткізуге кепілдік береміз», - дейді Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig (Германия) компаниясының өкілдері .
22 қараша 2018 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30