» » » Оралхан Бөкейдің қанатты сөздері

Оралхан Бөкейдің қанатты сөздері

  1. Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?!
2. Махаббат – табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ондағы ең үлкен сыйлық – айнымас сыйластық. Ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді.
3. Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. Өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар.
4. Біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын өмір сүру жеңілдеп, сауық-сайран көбейген сайын санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын құлқынымызға құм түскендей қатал да, қайырымсыз, ешкімге де, ешнәрсеге де сенбейтін сезімсіз "сергектік" жайлағандай еді.
5. Дер кезінде өле білуден үлкен өнердің жоқ екені сол, ондай жаңғырып қайта туар, қайта жасар иманды талантты сізге жазбаған, сіз бар болғаны жер бетімен қи домалатқан қоңыз пенде ғанасыз, қандай аянышты міскіндік.
6. Мықты болсаң қайталама менің өмірімді, бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан еріп жүрген жоқ.
7. Мәңгілікке ұласатын ұлылық – жалған дүниені майша шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті, ілініп-салынып алжығанша жасауда емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу, яғни өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтату.
8. Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады.
9. Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қыз-қызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз.
11. Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Иә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бет-бейнесі мен болмысын, келбеті лайықтылығын анықтай алмай жүрміз.
06 желтоқсан 2018 ж. 12 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31