Қос қуаныш иесі

  ҚМДБ "Зекет" қайырымдылық қоры ұйымдастырған "Ел үлесі пәтерге" қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 74-ші пәтердің кілті "Ақмешіт – Сырдария" орталық мешітінде ... табысталды.
"Зекет" қоры түрлі қайырымдылықпен айналысып келеді. БМұқтаж отбасының біріне баспана берсе, енді бірін азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Жалпы зекет беру – әр бір азаматтың парызы. Сыр өңірінде 74-ші баспананың кілтін алуға ... анасы Гүлсім Алтаева келді. Себебі сол сәтте пәтер иесі алтыншы нәрестесін дүниеге әкеліпті.
Гүлсім АЛТАЕВА, қала тұрғыны:
–  ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорына айтар алғысым шексіз. Қызым "Ел үлесі пәтерге" акциясының қатысып, баспаналы болуда. Өзім Рамазан айында ораза ұстадым, Алла тілегімді қабыл етті. Қызымның баспаналы болғаны мен үшін үлкен қуаныш. Үлес қосқан барлық адамға жанға Алла жақсылығын берсін.
Айта кетейік, "Зекет" қорының бастамасымен Қасиетті Рамазан айында облыс орталығында1000-ға жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Оңталап ЖИДЕБАЕВ, "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қорының облыстағы өкілі:
– Әкімшілік, мешіт өкілі және ақсақалдар алқасынан жиналып үйді осы отбасыға беруді ұйғардық. Ол кісі жақында алтыншы нәрестесін дүниеге әкелді. Оның ішінде денсаулығы сыр берген балалары да бар. Мұқтаж жанға қолдау білдіру – біздің азаматтық парызымыз. Алла нәсіп етсе, тағы да мұқтаж отбасыларға пәтер береміз.
«Ел үлесі – пәтерге» жобасымен берілген үйлер комиссия тексеруінмен, көп балалы, асыраушысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік әлеуеті төмен отбасыға беріледі. Қазіргі таңда өзгеге жағдай жасап, қол ұшын созғысы келетін адам саны көп. Тіпті мұқтаж жанға баспана алып беріп, өзің таныстырмай кетеді. Бұл – қайырымдылықтың жасырын түрі. Иә, "оң қолмен бергенді сол қолын көрмесің" деген қағиданы ұстанатындардың бары жасырын емес. Айтпағым биылғы Рамазан айында елге жақсылық жасағандар аз емес. Мысалы, қызылордалық еріктілер жалғызбасты ана, ІІ топ мүгедегі Анаркүл Беласароваға асарлатып үй салып берді. Қайырымдылық шараға қатысушылардың дені кәсібін енді бастаған жастар.
Облыс бойынша берілген 74-ші баспананың кілті Ораза айт мерекесі күні табысталды. Одан кейін Айт намазын оқуға келген жамағатқа арналып дастарқан жайылып, «арқан тарту», «гір көтеру», «қол күрес» секілді спорттық ойын түрінен сайыс өтті.
Мөлдір САБЫРЖАН
16 маусым 2019 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30