» » » Абайдай дара атану үшін не істеу керек?

Абайдай дара атану үшін не істеу керек?

    Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңін оқу эстафетасы еліміздің барлық аумағын қамтығаны белгілі. Мектеп оқушылары үшін бұл эстафетаның маңызы күннен-күнге артып келеді. Себебі ақын жырының тереңіне бойлап, даналығын сезініп, ақын өлеңін жарыса оқыған оқушылардың білім көкжиегі кеңейгені сөзсіз.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрсұлтан Аманқос ‒ Абай оқуларын мәнерлеп айтуда алдына қара салмайтын дарынды оқушының бірі. Ол жуырда ХХ республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанып, білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған дүбірлі додада ІІІ орын иеленіп, министрдің қолынан марапатталды.  Оған қоса бас қаладағы №57 мектепің 8 сыныбында оқитын Нұрсұлтан «Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындар мүшәйрасына қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
‒ Абай ‒ әлемдік тұлға. Ақынның жырын ойға жаттап, бойға сіңіру бүгінгі ұрпақтың парызы деп білемін. Сол үшін мұғалімнің көмегінсіз-ақ бос уақытымда Абай әлемін зерттегенді қолға алдым. Болашақта дана Абайдың жырымен сусындап өсіп, елге сүйеу болар дара азамат болғым келеді, ‒ дейді Нұрсұлтан.
Г. Нұртайқызы
03 қазан 2019 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

22-351

04 маусым 2020 ж.

22-351

04 маусым 2020 ж.

21-350

28 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930