ҚАЗАҚ КІМ?

Ғаламторды ақтарсаңыз, неше түрліні көресіз. Танымдық материалдан бастап, ұлттардың физиологиялық ерекшелігіне қатысты жазба толып тұр. Мысалы, ең әдемі ұлт қырғыз, түрік, ұйғыр деген материалды көзім шалды. Ерінбей уақыт бөліп қараған адам, әр ұлттың өзіне тән колоритін көреді. Осындай рейтингте қазақтар да жүр. Бірақ, одан біздің ұлттың ассимиляцияға қатты ұшырағаны кәдімгідей байқалады.
Ұйғыр ұлты көп ішінен ерекшеленіп тұрады, түрік те осы. Тіпті орыстардың өзі басқа еуропалықтармен салыстырғанда өзгеше. Былайша қарағанда бір-бірінен айнымайтындай көрінетін қытай мен кәрісті де ажыратуға болады. Ал ат төбеліндей ғана қазақтың келбетінен түрлі ұлттың колоритін көресің. Неге? 
Қазір қазақ қызын өзге ұлттың өкіліне ұқсатсаң, кәдімгідей мәз болып қалады. Нағыз қазақы сұлулық қайда қалды сонда?  Баяғы дастандағы «Қасы-көзі қиылып, аққудай мойны иіліп» деп суреттелетін арулар неге азайып кетті?
Жоғарыда айтқан  татар немесе орыс ұлтына ұқсайтындардың бірі өзіммін. Бала кезімнен мына орыс бала қазақша таза сөйлейді екен деген әнгімені естіп келемін. Ол кезде оған мән бермейтін едім. Өсе келе "мен неге басқаларға ұқсамаймын" деген сұрақ көп мазалайтын болды.
Біздің ұлт Еуразия континентінде ең көп метисацияға ұшыраған ұлт екен. Еуразия еуропеидтері мен моңғолоид нәсілдерінің қосындысынан құрылған нәсілдерді Оңтүстік-сібір тобына жатқызады.
Оның өзі бірнеше топқа бөлінеді: - алтай-саяндық популяциялық топ (оңтүстік алтайлықтар, хакастар мен шорлықтардың кейбір топтары) - қазақстандық популяциялық топ (қазақтар, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар мен ұйғырлардың кейбір топтары) - тяньшань өңірлік популяциялық топ (қырғыздар).
 Қарап отырсақ, қазақстандықтардың өзі жеке бір топ. Бұрын қазақтардың шашы сары, көздері жасыл болған деп тарих пәнінен оқып келдік, бұл қаншалықты рас десек, шынымен антикалық дәуірге дейін қазақтарда еуропеидтік нәсіл басым болған.
Қазақтардың сары, көздері көк болғандығын жоққа шығаратындар да бар. Бірақ, Еуропадағы қазақтың  жақын қандасы Мажар халқын қайда қоямыз?
Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін мадиярмыз деп атайды. Осы мажарлық мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы даладан келгендігі жəне олар қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байланысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысының сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды. Алғашқы қазақ пен мажар туыстығы туралы пікір ХІХ ғасырда газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуель Брашшаидың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Мадияр – таза қазақи атау. Ад, Мад, Ади, Мади, Ар (яр), Дияр деген біріккен сөздерден тұрады. Сөз түбірі – Ад (қарашаңырағы Адай). Арғы тегі ежелгі Маңғыстаудың МАД (Ман Адай) патшалығы. Ал, олардың өздерін қыпшақпыз дейтіндеріне келсек, Қыпшақ пен Қазақ синоним сөздер болып табылады. Шындығында, Қыпшақтар Қазақтың ұрпағы. Олар өздерін Мажарлар деп те атайды. Ма (Ман) жар (жары), Аж (Аз), Ар деген біріккен сөздерден тұрады. Ал, жалпы сіздің ойыңызша қазақ адамының түр сипаты қандай? Келбеті бойынша қандай қазақ азаматын сіз нағыз қазақ деп сипаттай алар едіңіз? «Нағыз қазақ осы міне, танып қой» деп кімді айтамыз?
ҚАРАМАН
09 қазан 2019 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031