» » » Есім таңдай білеміз бе?

Есім таңдай білеміз бе?


Жақында танысымның үйіне қонаққа бардым. Есіктен алабай иті «күтіп алды». Қорыққанымнан, жүгіріп терезе қақтым. Әлден уақытта қожайын «Ақжол», «Ақжол» деп айқайлады. Сөйтсем итінің аты екен. Көршіміздің немересі 4 жасар Саматтың итінің аты да «Ақжол». Күнде «Ақжол, Ақжол кә-кә» деп айғайлайды да жүреді. Бір күні үйіне қонақ келеді. Қонақтың 3 жасар баласының аты да Ақжол екен. Оны естіген Самат апасына: «Апа, ана баланың аты иттің аты екен» демесі бар ма?!
Халқымыз өте ырымшыл халық. Қайдай  ырым, тыйым болмасын халықтың өмір тәжірибесінен алынған. Қазақ жаңа туылған елге белгілі азаматтардың есімін ырымдап ат қоятыны белгілі. Марқұм Никулин ойнайтын «Ко мне, Мухтар» деген фильм бәрімізге таныс. Бүгінде НТВ телеарнасынан «Возвращение Мухтара» болып, аптасына 5 рет көрсетіліп жатыр.  Белгілі журналист Е.Байтілестің «Қазақтың қастерлі есімін итке беріп, мақұлыққа Мұхтар атын мансұқтағанына жыным ұстайды. Әуезовтен басталатын осы бір аяулы ат талай қазақтың бағын ашты. Мағауин, Шаханов болып жалғасады осы есім. Құл-Мұхаммедті айтпай-ақ біліп отырсыз дегені бар» еді.
Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерді ескерту сынды нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталған тарихи, әлеуметтік мәні терең дүние. Десек те, ұмыт болған ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес.
Бала өмірге келгенде ата-анасы отбасы оған жарасымды әрі әдемі мағыналы есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімді қойып жатса, кейбірі өмірден өткен ата-бабасының немесе ұлы тұлғаның есімін қояды. Мысалы, ертеректе бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою дәстүрі болған. Мұны жақсы ырымға балаған. Сәбиге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген мақсатпен мағынасы ерсі есімдер де қойылған. Сасық, Қисық, Шоқпыт деген секілді. Бірақ бұл ескірген ырымдар қатарында. Сондықтан балаға ат қоярда да естісін таңдасақ.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
25 қаңтар 2018 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031