» » » «ҚАЙСАРҒА» ҚАНДАЙ ФУТБОЛШЫЛАР КЕЛДІ?

«ҚАЙСАРҒА» ҚАНДАЙ ФУТБОЛШЫЛАР КЕЛДІ?

    Ел біріншілігіне дайындығын ерте бастаған «Қайсар» бүгінде Жерорта теңізінің жағасында жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Команда бірнеше жаңа ойыншыны қатарға қосты. Бас бапкер Стойчо Младеновтың  таңдап алған теңбіл доп шеберлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Елдос Ахметов (қорғаушы) – «Тараз» футбол мектебінің түлегі премьер-лигада тәжірибелі ойыншылардың бірі. «Ертіс», «Тараз», «Астана», «Қайрат» секілді командаларда доп тепкен Елдос «Қайсарға» жеңіс сыйлауға үлес қоспақ. Сонымен қатар футболшы Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі.
Бағдат Қайыров (қорғаушы) – Бағдат өткен маусымда «Ақтөбе» командасында болып, премьер-лигада 29 матчқа қатысты. Тәжірибелі қорғаушы қасқырлармен жыл соңына дейін келісімге келді.
Қуаныш Қалмұратов (қорғаушы) – Атырау" футбол мектебінің түлегі Қуаныш Қалмұратов жаңа маусымнан бастап "Қайсар" командасында өнер көрсетеді. Өткен маусымда "Атыраудың" сенімді қорғанысына айналған қорғаушы қасқырлар сапында жыл соңына дейін доп тебеді. Айта кетейік, 23 жастағы футболшы 2016 жылы "Қайсардың" намысын қорғаған еді.
Элгуджа Лобжанидзе (шабуылшы) –  Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе трансфер науқанында «Қайсардың» сапын толықтырды. 27 жастағы шабуылшы өткен маусымда «Тараз» командасының намысын қорғап, 24 ойында 8 гол соққан.
Алвин Фортес (жартылай қорғаушы) – «Фейеноорд» клубының түлегі Алвин Фортест енді қасқырлар сапында өнер көрсетеді. Кабо Верде құрамасының ойыншысы 1994 жылы 25 сәуірде дүниеге келген. Алвин футбол мансабында «ПС Кеми», «Валвейк», «Йонг Витесс», «Осс», «Болуспор», «Вероя», «Збройовка Брно», «Дила» секілді командаларда доп тепкен. Алаңға 111 мәрте шығып, 18 рет мергендігімен көзге көрінген. «Қайсарға» дейін Грузия біріншілігіндегі «Дила» командасының намысын қорғап, 34 мәрте ойынға атсалысып, 8 гол соққан. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарады.
16 қаңтар 2020 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

08-337

27 ақпан 2020 ж.

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829