» » » ЖОЛДАМАДАН ҚҰР ҚАЛДЫ

ЖОЛДАМАДАН ҚҰР ҚАЛДЫ

   Волейболдан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Таиланд пен Қытайда өткен Токио Олимпиадасына жолдама беруші халықаралық турнирге қатысты. Барлық ойында жеңіліс тапқан екі құрамамыз да Олимпиада жолдамасынан құр қалды.
Қытайдың Цзянмынь қаласында ұйымдастырылған ерлер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы алғаш Қытайдан 0:3, екінші ойында да Иран құрамасына дәл сондай есеппен есе жіберді. Соңғы үшінші матчта Қытайлық Тайпейден 1:3 нәтижесімен жеңіліп, өз тобында соңғы орында қалып қойды.
Таиландта өткен әйелдер арасындағы бәсекені жерлестеріміз сәтті бастады. Топтық кезеңнің алғашқы екі ойынында Қазақстан құрамасы Иран мен Индонезиядан басым түссе, үшінші кездесуде Оңтүстік Корея спортшыларынан жеңілді. Жартылай финалда Таиланд құрамасымен кездесіп, алаң қожайындары 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің волейболшылар қытайлық Тайпейден 3:1 есебімен басым түсіп, Олимпиадаға жолдама алмаса да жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Ерасыл ШӘРІБЕК
16 қаңтар 2020 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

08-337

27 ақпан 2020 ж.

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829