» » » ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Қызылорда облысында балалар тынығу лагері салынып жатыр. Жазда балғындар демалатын нысаны жоқ жалғыз аудан Қармақшы еді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
     Қармақшылық оқушылар демалыс кезінде, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және пәндік олимпиадаларға дайындалу үшін өзге аудан немесе облыс орталығына жіберілетін. Енді өрендер қысы-жазы жұмыс істейтін көп функциялы типтік жобада салынып жатқан кешенде тынығып, білімін жетілдіретін болады. Құны бір миллиард 292 миллион теңгені құрайтын 150 орындық лагерь күзге дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы Қармақшы ауданында құрылыс көлемі 3 есеге дейін артпақ.
    - Жалпы ауданда биыл 9 жарым млрд тг көлемінде құрылыс жұмыстары жүреді. Олардың қатарында көпір, құс фабрикасы құрылысы бар. Осының нәтижесінде қосымша жұмыс орны ашылады, ауданға салынатын инвестиция көбейеді. Сондай-ақ, 4 ірі жолға күрделі жөндеу жұмыстары өтеді. Бұған 1 млрд қаржы бөлініп тұр, – деді аудан әкімі С.Мақашов.
29 қаңтар 2018 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930