» » » Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақыны қаншаға өсірді

Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақыны қаншаға өсірді

  Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды
 Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялауға байланысты тұрғындар қандай үстемеақы алатыны айтылды. 
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматовтың айтуынша, қазір Алматыда 589 177 адам зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Оның ішінде 230 мың адам жасына байланысты зейнетақы алады. Барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы 10%-ке артады.
2020 жылдың 1 сәуіріне дейін жасы және еңбек еткен жылдарына қарай тағайындалған зейнетақы мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5%-ке артады.
"Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 5%-ке ұлғайды. Қазір тағы 5%-ке артып отыр, қосқанда 10% шығады", - деді Нарматов.
Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.
Сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге болып бекітілді. 
Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңге (өзгеріс енгізілгенге дейін - 38 636 теңге), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (31 183 теңге болған), базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңгені (16 839 болған), ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгені (өзгеріссіз қалды) құрайды.







08 сәуір 2020 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031