» » » Жастар еліміздің ең қуатты күші

Жастар еліміздің ең қуатты күші

  2020 жылғы 8 сәуірдегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қай кезде болсын Тұңғыш президентіміздің халықпен бірге екендігін көрсетті.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде төнген күрделі кезеңнің бірі. Дәл осы кезде бірлігі жарасқан берекелі ел екендігімізді көрсетуіміз керек.
Тұңғыш президентіміздің «Жастар еліміздегі ең қуатты күш-өздеріңсіңдер» -деген сөзі, Елбасымыздың бізге деген сенімінің мол екендігін көрсетті және ол біз үшін үлкен құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Тіпті, әлем қазіргі жастардың тым өзгеріп кеткеніне куә. Бұл кезең бізге ойлануға, жан жағымызға қарауға, одан әрі дамуға, өзімізді өзгертуге, әлемді өзгертуге, жаңа идеялар мен жобаларды әкелуге берілген мүмкіндік деп білеміз.
Елбасымыз Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді - деді. Қанша батырлар Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлау үшін қасық қаны тамғанша елімізді қорғады, бізге жастарға аманат етіп берді. Енді нақ осы сәтте, біздер жастар неге бірлігімізді, күшімізді, рухымызды көрсетпеске.
Жастар аға ұрпақтың жеткізген аманатын әрі қарай жетелеуге әрқашан дайынбыз! Рахмет Сізге Елбасы!
  • «Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сінің ақпараттық-сараптамалық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қалниязова Айгерім
09 сәуір 2020 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031