» » » Жұлдыз – жорамал (9-15 сәуір)

Жұлдыз – жорамал (9-15 сәуір)

  Тоқты
Сізді басқалар бақылауда ұстағысы келеді. Ақыл-кеңес беретіндер көбейіп кетеді. Ондай адамдарға қарсылық көрсетіңіз, бірақ ашуға бой алдырмаңыз. Аптада қаржыдан қиындық тумайды.
   Торпақ
Қажет емес нәрсеге көңіл бөлмеуге тырысыңыз. Әрине, жұмыс ешқайда қашпайды, бірақ өздігімен де істелмейді. Сондықтан уақытты бос сөзбен өткізбей, жұмысыңызды істеңіз.
    Егіз
Басқа адамдарға қатысты жоспар мен тапсырмада шектен шықпаған жөн. Қаншалықты шындықты айтқыңыз келсе де, өзіңізді тежеген дұрыс. Себебі шындықты айтамын деп жақындарды ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Шаян
Апта басынан бастап үлкен іске білек сыбана кірісесіз. Оймен талай істі аяқтап тастайсыз. Ойыңызды тезірек жүзеге асырыңыз, өзіңізді шектемеңіз. Апта сонында  белсенділігіңіз артады.
Арыстан
Аптада ішкі наразылығыңыз артады. Бұған ерекше мән бергеніңіз дұрыс. Не нәрсеге көңіліңіз толмайтынын анықтасаңыз, жағдайды өзгертудің мүмкіндігі пайда болады.
Бикеш
Негізгі жұмыстан басқаның бәріне көңіл бөлесіз. Дегенмен өзіңізді дер кезінде қолға алып, тікелей міндетіңізді атқарып, үй шаруасымен айналысыңыз.
Таразы
Ерекше әсер көп болады. Жаңа табыс көзін табуыңыз ықтимал. Бірақ табыс өздігімен табылмайды, алдымен тер төгу керек екенін ұмытпаңыз. Жұлдыздар жұмысқа ұқыптылықпен қарауға кеңес береді.
Сарышаян
Шабытыңызға ерік беріңіз. Шығармашылығыңыздың жемісіне басқалардың көңілі толмаса да, өзіңіз риза боласыз.
Мерген
Адамдармен көп араласпаған дұрыс. Біріншіден, энергияңыз сарқылады. Екіншіден, сіз жайында көп сын айтылуы мүмкін.
Тауешкі
Аптасіз үшін сәтті болады. Әрбір қадамыңызды ойланып барып жасаңыз. Өмірлік қуатыңыз қазір тасып тұрғанымен, оны бос қиял мен жанжалға жұмсаудың қажеті жоқ.
   Суқұйғыш
Жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді талдау керек. Өзіңізге адал баға берген жөн. Біреудің пікіріне құлақ аспаңыз, басқа адамның не көздейтінін білмейсіз.
Балық
Өзіңізді төреші ретінде сезінесіз. Жақындар мен әріптестің бірі сізді жанжалдың ортасына түсіруі ғажап емес. Басыңыз бәлеге қалмас үшін біреудің жанжалына  араласпаған жөн.
09 сәуір 2020 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031