» » » Әр жыл тарихтың бір парағы

Әр жыл тарихтың бір парағы

Тарих қайта келмес естелік. Биылғы жыл еліміз үшін маңызды тарихи кезеңдерге толы. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы.
Шығыстың көрнекті ойшылы, Әбу Насыр әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениет тарихына берік кірді. Оның еңбектері еуропалық қайта жандандыруға үлкен әсер етіп, батыс пен Шығыстың мәдениеті мен философиясын жақындастыратын көпір болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,  "Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартылған либералды ислам негізінде орыс және еуропалық мәдениетпен жақындастыру рухындағы мәдениетті реформалаушы. Абайдың әдеби және эстетикалық мұрасы - қазақ халқының ұлттық мақтанышы" деді.
Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Сондай-ақ еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туғанына 80 жыл толды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы да жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал етеді. Тарихи сәттерді оқушыларға насихаттау, маңыздылығын түсіндіру біздің басты міндетіміз.

Салтанат ШАХИЕВА,
№257 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы

08 шілде 2020 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

28-357

16 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31