» » » Қашықтан оқыту қашан аяқталады?

Қашықтан оқыту қашан аяқталады?

 
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
"Қашықтан білім беру шешімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған болатын. Біз де заңға бағынамыз, бас санитар дәрігердің қаулысын және жергілікті жердегі санитар дәрігерлердің шешімін орындауымыз керек. Олар карантиндік режимді реттеген, мектептерге қатысты шешімді де қабылдап отыр. Біз болсақ, осы шешімді орындап, қажетті жағдай жасап келеміз. Ал ата-аналарды қолдау мәселесіне келетін болсақ, білім министрі ондай сұрақтарды қарамайды. Әлеуметтік қорғау және санитарлық қызмет мәселесі менің құзіретіме жатпайды. Негізі, қашықтан оқытуға қатысты арыз-шағымдар бізде ғана емес, басқа жақта да көп. Өзге елдердің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерін қарап шықсаңыз, бәріне ортақ бір тенденцияны байқайсыз. Барлық жерде ата-аналар тарапынан сын айтылады. Себебі барлық жерде оларға қосымша салмақ түсіп жатыр. Сосын барлық жерде педагогтар балаларға көбірек білім беруге тырысады. Содан баланың онлайн сабақта отырғанын талап етеді. Әлем бойынша қашықтан оқытуға қатысты барлығына ортақ бірнеше проблеманың бар екенін көріп отырмыз. Мәселен, бізде қашықтан білім берудің сапасы төмен дейді. Өйткені интернеттің жылдамдығы баяу. Алайда жақсы интернеті бар дамыған мемлекеттердің өзінде қашықтан және дәстүрлі жолмен берілген білімнің арасында үлкен айырмашылық бар. Негізі, біз де мектептердің ашылғанын қалаймыз және балалардың дәстүрлі форматта білім алғанын қолдаймыз. Иә, мұғалімдер үшін арнайы курстар ұйымдастырылды. Дегенмен, олардың жаңа форматта жұмыс істеу дайындығына қатысты мәселе бар", - деді министр. Аймағамбетов қашықтан оқытуға қатысты соңғы шешімді бас санитар дәрігер қабылдайтынын жеткізді. "Дәл қазір ол шешімнің қай кезде шығатынын айта алмаймын. Әзірше, қашықтан оқытуды тек бірінші тоқсанда ғана қалдыруға ұсыныс жасалды", - дейді ол.
14 қыркүйек 2020 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930