» » » ҚЫЛҚОБЫЗ СЫНЫБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕГІМІН

ҚЫЛҚОБЫЗ СЫНЫБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕГІМІН

Жедел сұқбат
 Бота НҰРҒАЛИЕВА, «Бабалар сазы» этно-фольклорлық ансамблінің қобызшысы:
Тілші: Өнер жолына қалай келдіңіз?
Б.Нұрғалиева: Анам бойымдағы қабілетімді байқап, 1 сыныпта музыкалық мектептегі прима қобыз сыныбына апарды. Оқушы кезімде қобыз тартуды үйрендім, дегенмен оны жете түсіне бермейтінмін. 9 сыныптан кейін А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге келгенде шығармашыл жандармен сұхбаттасып, қобыздың тарихына үңіліп, ерекшелігін зерттеп, аспабыма деген қызығушылығым артты. Колледж бітіргеннен кейін, мақсатым – жоғарғы оқу орнына түсу болды. Ұстазым Мақсат Медеубек Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында дәстүрлі музыка факультетінде қобыз сыныбы ашылғалы жатқанын айтты. Бүгінде осы факультеттің 4 курс студентімін. Академияның қылқобыз аспабын меңгеріп шыққан алғашқы түлегі болмақпын. Оқу барысында гастрольдік сапармен Венгрия, Германия, Түркия, Ресей сынды елдерде ұлттық аспабымызбен өнер көрсету бақыты бұйырды. Шетелде ұлттық мәдениетімізді дәріптеу біз үшін мәртебе. 
Тілші: Қобыз өнерін насихаттауда қандай мәселелер бар?
Б.Нұрғалиева: Қобыз бақсы-шаман дәуірінен келе жатқан киелі аспап. Заманға сай оның жаңа түрі – прима қобыз Ахмет Жұбанов оркестрінде қамтылып, қарқынды дамыды. Дегенмен қыл қобыз назардан тыс қалды. Себебі прима қобыз көмегімен түрлі шетелдік туындыларды ойнауға болады. Ал қыл қобызмен тек күй тартылады. Сондықтан ол халықаралық деңгейде көріне алмай жүр. Дегенмен, қылқобыз арқылы ойналатын күйді прима қобызбен орындау қиын. Қылқобыздың көмегімен баланың жылаған, қасқырдың ұлыған дауыстарын тыңдарманға жеткізуге болады. Осы ерекшелігіне мән беріп, жастар арасында кеңінен насихаттау керек. Ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру керек. Бүгінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен түрлі сайыстар өткізіледі. Сол секілді елімізге қылқобызшылардың өнерін кеңінен насихаттайтын тың жобалар ұйымдастырылса екен.    
Сұқбаттасқан:
 Әсел БЕГМАН
 
12 наурыз 2018 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930