» » » Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес

Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес

Асылхан СЛАМБЕК,
Қызылжарма ауылдық мəдениет үйінде мəдени ұйымдастырушы:
  Біздің анықтама:
 Асылхан Ерниязов 1993 жылы туған. №171 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығында білім алған. Студенттік шақта жайдарман ойынында өнер көрсеткен. Алғаш еңбек жолын Қызылорда локомотив депосында кадр бөлімінде бастады. Оқуды аяқтаған соң жеке кәсіп ашып, жарнама агенттігімен айналысты. 2016 жылы Қорқыт құрамасы КТА командасымен, биылдан бастап Қорқыт жастары командасымен Қызылорда қаласының намысын қорғап жүр.
  – Мектеп қабырғасында жүргенде үлгеріміңіз, тәртібіңіз қалай болды?
     – Балалықпен жасаған қателіктерім көп болды. Сабақты жақсы оқыдым. Дегенмен өнерге жақын болдым. Кей сәттер сабақтан қалып, қоғамдық жұмыстарға бардым. Тәртіпсіз болдым демеймін. Бірақ моп-момақан да емеспін. Бәрі өз уақытымен өткені жақсы ғой. Қазіргі ата-аналарға таңым бар. Ұстазды мойындамайды. Жамандауға, балағаттауға дайын тұрады. Мұғалім бізге ұрысқанда ата-анамыз мән-жайды білген соң, сенікі дұрыс емес деп өзімізді сөгетін. Мұғалімге сенім артатын. Қазір байқасақ, ата-ана баланың әр қадамына шектеу қойған. Ватсапта арнайы тобы бар. Баласының әр ісін қадағалап отырады. Үйге келсе, «мұғалім ұрысты ма, ұрды ма, қандай баға алдың? деп сұрайды. Баланы баға үшін оқытуға болмайды. Ұстаздың мәртебесін ата-ана түсіріп жіберген. Балаға дауыс көтерсе, арыз-шағымын алып, дайын тұрады. Сұрағыңызға оралайық, қыздарға көп тиісетін едік(күліп). Бірде сыныптасымды қармен ысқанмын. Ол үйіне жылап кеткен, кешкісін анасын ертіп келіпті. Содан үйде айқау-шу. Ойнап жүріп аңғармаппын. Қыз әдемі-ақ жараланыпты. Несін жасырайын, көп бұзықтық жасадым ғой.
    – Бауыржан Момышұлының «Армия – азаматтық зор мектеп» деген сөзі бар. Сіз азаматтық борышыңызды өтедіңіз бе?
  •  Әрбір ер азаматтың туған елі, Отан алдында бас тартуға болмайтын абыройлы міндеті бар ол –  Отан қорғау. Әскерге бару – өте маңызды дүние. Әсіресе, ер азамат үшін өтеуге тиісті борыш. Бұл ата-анаңнан бөлек дербес өмір сүруге үйретеді. Әскерге барған адам мен бармаған адамның істеген жұмыстарынан, айтылған тапсырмаларды орындауынан-ақ айырмашылық көрініп тұрады. Негізінен әскерге бару әр адамзаттың парызы. Мен Отан алдындағы парызымды орындауға дайындалып жүрмін.
   – Тағы бір сөзінде «Менің армиядағы алға қойған міндетім Отанды жаудан қорғау еді, қорғадым: жазушылық ісінде алға қойған мақсатым аға буынның ерлік істерінің үлгісін дәріптеу, жастарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеп, ерлікке үйрету еді. Оны да орындап келемін» депті. Сіз қандай міндеттерді орындадыңыз? Болашаққа қандай мақсат қоясыз?
  •  Бірінші парыз – Алланы тану, Пайғамбардың хақ екенін мойындау. Екінші парыз – бес уақыт намаз оқу. Үшінші парыз – ораза ұстау. Төртінші парыз – зекет беру. Ол адамның дәулетіне байланысты. Бесінші парыз – мұсылман адам өзінің ғұмырында бір рет қажылыққа барып, қағбада тәу ету. Төрт парызды орындап жүрмін. Болашақтағы мақсатым да айқын. Ол бесінші парызды орындап, қажылыққа бару.
  – Тойдағы дастарқан көздің жауын алады. Шынында дүркіретіп той жасап, артынан ысырап қылады. Жалпы қазақ тойына деген көз-қарасыңыз қалай?
  •  Қазақтың тойы – ұлттық тәрбиенің бесігі. Олай дейтініміз, кезінде әдет-ғұрып пен салт-сана, таңды таңға ұрып жырлайтын өнердің барлығы той үстінде өтетін. Ал, қазіргі тойлар қай жағынан алсаң да, өзгеше. Яғни, заманауи түрде жаңашаланып жатырмыз деп, әркім өз білгенін жасауда. Жақында Шымкентте өткен тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таң қалдырды. Салмағы – 1500 келідей. Бұған өзге елдерден әншілерде шақыртуды қосыңыз. Қаншама қаражат желге ұшты. Көбінесе өзге елдерге еліктейміз деп, қазақтың тойының сәні кеткендей. «Қазақтың тойы бітпесін» деп бекер айтылмаған. Тойдың болғаны жақсы. Дегенмен ысырапшылдыққа жол бермеген жөн.
Белгілі журналист Нұртөре Жүсіптің «Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы айта-айта жағымыз талды, жаза-жаза саусағымыз сүйел болды» деген сөзі бар. Жалпы тіл мәртебесіне қалай қарайсыз?

  •  «Қазақтың қазақ екені қайдан білінеді. Әрине төлқұжатынан. Төлқұжаттың негізі – түпқұжат. Тәуелсіз ел болдық деп тақиямызды төбеге қанша атқанымызбен, аты-жөнімізді дұрыс, сауатты жазып алмайынша, біздің қазақ болуымыздың өзі әлі қиын сияқты» деген еді Нұртөре Жүсіп. Орысша сөйлейтін қазақтарды қазақ тіліне үйрету үшін, алдымен министр, депутаттарды қазақша сөйлету керек. Жоғарыда айтқандай, төлқұжат аларда ата-ана да баласының аты-жөнін қазақша дұрыс жазылғанын тексерген жөн. Қазақ тілі үлкен мәселе. Онымен бірлесе күресу шарт.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Намыскер емес адам, ерлік жасауға қабілетсіз. Сіз қандай ерлік жасадыңыз?
  • Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамның мәнін сезінумен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Адамның өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп, еңбектенсе, ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.
– КТА-ға келуіңізге не түрткі болды?
  •  Бастауыш сыныптан бастап Жайдарманда өнер көрсеттім. Мектептегі команда болып өзге мектептермен бақ сынадық. Сосын басқа да жайдарманшылармен жақын таныстық. Өнер саласына осылайша келдім.
«Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген нақыл сөз бар. Әзілге араластырып, кейін кешірім сұраған адамдарыңыз болды ма?
  •  Әзілдің де өз орны, қолданатын тұстары болады. Әзілдесеміз, бірақ әзілді түсінетін, кейін мәселе тудырмайтын адамдары ғана әзілге араластырамыз. Ренішін білдіріп, кейіннен кешірім сұрап барған кейіпкерім болмапты.
    – КТА арқылы танылып жатқан жастар көп. Кейде асығып не айтқанын білмей қалады. Жалпы сценарийді кім жазады? Дайындалуға қанша уақыт кетеді?
  •  Қазір екінің бірі – әнші, екінің бірі – өнер адамы. Шын талантын мойындатып жүргендер де бар, «атың шықпаса жер өрте» деп танылғандар да жетерлік. Барлығының басын тоғыстырып тұрған, ол – киелі сахна. Ал сахнадаға адамның қателігіне де жақсы тұсына да баға беретін  – көрермен. Яғни халық. Өнер адамының басты мақсаты сахнаға шығып өнер көрсету ғана емес, сахна мәдениетін сақтау. Алдын ала айтар ойын бағамдап шығу. Бізде осы сахна мәдениеті сақталмайды. Дайындық жақсы болса, әзілің де жақсы шығады.
   – Жайдарманшылардың арасында сахна мәдениеті сақталмай жатады. Халықты күлдіремін деп ашуына тиіп кететін сәттер кездеседі. Әріптестеріңіздің қателігіне қалай қарайсыз?
  •  Әзіл біреудің намысына тиіп кетпейтіндей болу керек. Қазір жастар көбіне ауыз-екі тілде айта салады. Олар танымалдылықты басты орынға қояды. Басты қателіктері осында жатыр. Орнымен қалжың айта білу – ұжымда да, отбасында да береке-бірліктің сақталуының бір кепілі. Әріптестеріме қателікке бой алдырмау керегін айтар едім.
  – Қорқыт құрамасының намысын қорғадыңыз. Қазір Қызылорда командасына ауыстыңыз. Айырмашылығы неде?
  •  Екі команданың да өзіндік ерекшелігі болды. Бірі-бірінен өтеді. Екеуін салыстырудың реті жоқ. Дегенмен өзге орта, өзге ұжым болған соң қызықты тұстары да көп. Қызылорда командасы мені жақсы қабылдады. Тез үйренісіп кеттік.
   – Ғаламторда жиі отырасыз ба?
  •  Әрине, уақытымның көп бөлігі ғаламторда өтеді. Бірақ бар уақытымды әлеуметтік желіге жұмсамаймын. Ватсапты достарыммен сөйлесуге, вкантактені музыка тындауға, фейсбукты жаңалықтардан хабардар болуға пайдаланамын. Инстаграмның өзіндік орны бар. Ол күнделікті тіршілікті бейнелейді.
  – Жігітке жеті өнер де аз деген. Әншілік, ақындық қабілетіңіз бар екен. Тағы біз білмейтін қандай өнеріңіз бар?
  •  «Ер жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» дегендейөнерден кенде емеспін. Қазақтың жігіттері бес аспап келеді. Қолөнерге де жақынмын. Өлең айтатын да қабілетім бар.
Гитара, домбыра, пианина, шаңқобыз, саз-сырнай, сыбызғы секілді аспаптарда ойнайды екенсіз. Бәрін қайдан үйреніп жүрсіз?
  •  Мектепте жүргенде ата-анам қандай қосымша үйірме бар соның бәріне қатыстырған. Балалықпен үйренуге құлшынысым артқан болу керек, шаңқобыз бен саз-сырнайды да үйрендім. Өнердің артықшылығы жоқ. Тағы үйірмелер болса, қатысар едім.
– Журналистика мамандығын таңдауға не себеп болды?
– Журналистика – ғылым. Журналистика – тарих. Журналистика – бейресми төртінші билік өкілі. Ол дәрігер де, құрылысшы да, аспазшы да бола алады. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да – осы журналист. Сондықтан осы мамандықты таңдадым.
Армансыз адам, қанатсыз құспен тең. Сіз нені армандайсыз?
  •  Арманым көп. Болашаққа да жоспарларым бар. Өзім ерекше кәсіп ашсам деймін. Өзгелерді еліктіріп жіберетін дүние жасағым келеді. Ойланып та жүрмін. Болашақта көре жатармыз. Өнерден алыстамаймын.
 – Болашақ жарыңыздың кім болғанын қалайсыз?
  •  Ибалы, инабатты, тәрбиелі болғанын қалаймын.
  • Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан: Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
13 наурыз 2018 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

№ 36 (261)

06 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930