» » » СЬЕЗД САРАЙЫ – АҚЫЛДАСТЫҚ АЛАҢЫ

СЬЕЗД САРАЙЫ – АҚЫЛДАСТЫҚ АЛАҢЫ

Жедел сұқбат
 Жастар – мемлекеттің келешегі. Олардың тәрбиелі және білімді болып қалыптасуы – болашақтың кепілі.  Ал, "Жас Отан"  жастар қанаты белсенділікті арттырып, қоғамдық жұмыстарға тартатын ұйым ретінде белгілі. Кеше басталған  "Жас Отан" жастар қанатының IV сьезі бүгін де жалғасады. Дәл осы жиында жастар қанатының 2021 жылғы тұжырымдамасы қабылданып, нақты іс-шаралар бекітіледі. Осы ретте жиынның жай жапсарын білу үшін сьезге қатысушы  «Жас Отанның» белсенді мүшесі Жұлдыз Қалжанмен телефон арқылы тілдестік.
– Жұлдыз, еліміздің белсенді жастарын біріктірген съездің маңыздылығын атап өтсең?
– Елорда төрінде өтіп жатқан сьездің маңыздылығы орасан зор. Оған еліміз бойынша екі мыңға жуық делегат қатысуда. Қатысушылар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірімен бөлісуге мүмкіндік алуда. Жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланып жатыр. «Жас Отан» жастар қанатының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де жоспарлы түрде жүзеге асуда. Съезд жұмысы екі күнге  белгіленген. Сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы жастар арасында  талқылануда.
– Алдыңғы сьездерден ерекшелігі неде?
«Жас Отан» жастар қанаты Елбасының елді жаңғыртуға арналған бағытын жан-жақты қолдаумен қамтамасыз ете алған беделді де бұқаралық жастар ұйымына айналғаны белгілі. Осыған дейін өткен сьездерде де маңызды құжаттар қабылданған еді. Биылғы жиындажастар қанатының 2021 жылғы тұжырымдамасы қабылданып, нақты іс-шаралар бекітілді. Енді өңірге оралып, осы шаралар бойынша замандастарымызбен бөлісеміз. Сондай-ақ биылғы жиынның ерекшелігі съезд қатысушыларымен 3 кезеңде өтетін ойындар. Әріптестер арасында команда құрылып, тақырып бойынша нақты жағдай сипатталды. Мысалы «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан», «Кәсіпкерлік», «Білім, Ғылым, Инновация», «Денсаулық сақтау» секілді тақырыптар бар. 
– Елбасы сөз сөйлейтін жиынға қатысу екінің біріне бұйыра бермейді. Қандай әсер алдыңыз?
– Жастар форумында Елбасымен жүздесу жастарға жаңа леп, жалынды жігер берді. Бұлай деп айтуға үлкен себеп бар. Себебі, Елбасының ел игілігіне жасап жатқан еңбегі ерен. Мұны біздер күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып та, көріп те жүрміз. Қартына қадірлі, жасына қорған бола білген Елбасымен кездесу мен секілді  қарапайым жас үшін үлкен мәртебе. Жалпы мен «Үкіметке қол жайып отыра бермей, еңбектенсең, екі қолға бір күрек табылар» деген ұранды ұстанамын. Елбасы жастарға осы мәселені өте жақсы айтты. Еңбектенсең еленесің, бейнетіңнің зейнетіне кенелесің. Жалпы жастар форумы жалынды ұрандармен, жастардың Елбасына көрсеткен құрметімен өтті. Астанадан алған әсерім мол
Әңгімелескен:
Ерасыл ШӘРІБЕК
29 наурыз 2018 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30