» » » ШЕКАРА БАСТЫ НАЗАРДА

ШЕКАРА БАСТЫ НАЗАРДА

   Данияр АЙТАХМЕТҰЛЫ, «Оңтүстік» Өңірлік басқармасына қарасты 2019 әскери бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник:
– Әңгімемізді бастамас бұрын мемлекеттік шекараны қорғаушылардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен бөліссеңіз...
«Шекара мәселесінде ұсақ-түйек деген мүлдем болмайды. Біз үшін ата-бабамыздан қалған атамекеніміздің әр пұшпағы аса қымбат екені әркімге аян болса керек. Сондықтан бұл істе біз асқан ыждағаттылық пен қырағылық таныттық» деп Елбасы атап өткендей, ел шебі саналатын мемлекеттік шекараның мәні мен маңызы қанша ғасыр өтсе де төмендемейді. Егемен ел тыныштығының кепілі – шекара тыныштығы. Мемлекеттік шекара күзетін қамтамасыз ету бойынша түрлі шара жүзеге асуда. Оның ішінде шекарашылар тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени шараға белсене атсалысады.
Биыл қыркүйек айында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінің құрылғанына 19 жыл толмақ. Осы уақыт әскери бөлім үшін несімен есте қалды?
– Осы жылдар аралығында ел аумағын заңсыз бұзып өтпек болған мемлекеттік шекара бұзушыны ұстап, контрабандалық тауар тасушының жолын кесіп, ел қазынасының ортаймауына үлес қосып келеміз.
– Егер жас офицерлерге үлгі боларлық бір әріптесіңізді атау керек болса, кімді айтар едіңіз?
– Жеке құрамда үлгілі қызметі мен жауынгерлік даярлығы жоғары, әскери тәртіп пен жарғы талабын қатал басшылыққа ала білетін әскери қызметшінің бірі – штаб бастығының орынбасары, подполковник Берік Базарбайұлы.
– Әскери қызметтің қызық, әрі қиын тұсы – жиі қоныс аудару. Осы тұста басқа облыстан келген қызметкердің қаламыз туралы пікірі қандай?
– Олар қызылордалықтардың қонақжайлығына дән риза. Содан болар отбасымен қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр елінің салт-дәстүрімен, тарихи орындарымен жете танысып, жергілікті халықпен тығыз байланыс орнатқан.
– Отан қорғаушылар күнін қалай атап өттіңіздер?
– Ұжымның қыз-келіншектері тосын сыйға толы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жігіттерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ «Ұлы дала батырлары» атты шығармашылық байқау өткізіп, шекарашылар III дәрежелі диплом иеленді.
– Әскери бөлімнің жоспарында биылғы Астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты қандай жоба бар?
Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар мерейтой қарсаңында «Менің Астанам» тақырыбындағы шығармашылық байқауға өлеңін жолдап, бақ сынап жатыр.
Әңгімелескен: Әсел БЕГМАН
07 маусым 2018 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30