» » » Көзқарас өзгермейінше, даму болмайды

Көзқарас өзгермейінше, даму болмайды

Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:
Әлем мойындаған қайраткер, Сингапур мемлекетінің экс премьер-министрі Ли Куан Ю жемқорлықты жеңуді қаласаңыз, туыстарыңыздан бас тартыңыз деген екен. Сіздіңше жемқорлықты түбімен жою үшін не істеуге болады?
– Жемқорлық мәселесі қоғам пайда болғаннан бастап бар. Бұл мәселені ежелгі дәуірдің ойшылдары да біраз талдаған. Қоғамдық даму үшін үлкен дерт екені сол кезде-ақ түсінікті болды. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде де абыз немесе көсемге сый-сияпат көрсету, сыйлық беру қоғамдық норма болған. Сондықтан жемқорлық қоғамдағы жүйелі мәселе болғандықтан оны түбірімен жою қиынға соғады. Әрине, жемқорлықты жеңу үшін туысқандардан бас тарту дұрыс пікір. Қалай десек те, кез келген жұмыста туыстың болуы моральдық тұрғыдан дұрыс емес, өйткені туыстар бір-біріне субъективтілік тұрғыдан қарауға тырысады. Жалпы әрбір азамат жемқорлық елдің экономикалық және саяси дамуына кері әсер ететін құбылыс екенін түсінгені дұрыс. Жемқорлықтың пайда болу себептері мен негізгі индикаторын айқындаған абзал. Жемқорлықпен күресте сәтті нәтижелерге жеткен әлемдік тәжірибе назардан тыс қалмау қажет. Бұл тұста Сингапур, Гонконг, Португалия, Швеция сынды елдердің күрес нәтижелерінің жетістіктеріне көңіл аудару қажет. Ең бастысы, адамдардың жемқорлыққа қатысты көзқарасы, санасы өзгеруі тиіс. Өзгерістерді ұйымдастыру үшін көркем шығармалар арқылы визуалды түрде ықпал ету технологияларын қолданған тиімді көрінеді. Түбірімен жою жолдары ізденісінде ғалымдар жиі зерттеу жүргізу керек. Мәселенің саяси тұжырымдамасы әлі де толық зерттеулерді қажет етеді.   
– Өзіңіз білетіндей, елімізге Қытай, Моңғолия және де басқа мемлекеттерден көшіп келіп жатқан қандастарымыз аз емес. Тіпті кейбірі Қытай тарапынан қарсылық болса да шекара шебін аттады. Оның мысалы,  Сайрагүл Сауытбай. Осы оқиға туралы пікіріңіз? Жалпы біз шетелдегі қандастарымызды қалай қорғай аламыз?
– Адам қоғамдық жаратылыс иесі болғандықтан, жақсы өмір сүру  үшін құқықтық нормаларды сыйлау бірінші орында тұрады. Бізге заң шеңберінде сөйлеу керек. Өйткені баршамызға ортақ заң бар. Қоғам мүшелері осы заң құндылықтарын сақтауы тиіс. Әйтпесе, қоғамдық ортада хаос орнайды, ол өз кезегінде ішкі тұрақтылыққа кері ықпал ықпал етеді. Сондықтан құқықтық нормалар шарттарында қарастырсақ, бұл оқиға дұрыс емес. Әлеуметтік желілерде мәселе көп талданып, қандасымызға қолдау білдірілді. Мұның барлығы адамгершілік, моральдық тұрғыдан қарағанда дұрыс. Дегенмен, халықаралақ заң нормаларына қайшы әрекет жасалып отыр. Шетелдегі қандастарымызды қорғауды қалыптастыруға байланысты әлемдік тәжірибеге мән беру қажет. Әлемдік қауымдастықтағы барша елдер аталмыш мәселені үнемі жетілдіру үшін осы санаттағы азаматтарды қорғаудың құқықтық тетіктерін басты назарда ұстайды. Демек, адам құқықтарын қорғауға байланысты халықаралық құжаттардың нормаларын бұлжытпай орындау басты міндет. Мемлекет те шетелдік қандастарымыздың құқықтарын заң шеңберінде өз деңгейінде қорғауы халықаралық беделінің көрсеткіші екенін жақсы біледі.  
– Жуырда белгілі қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір Парламентте өткен Үкімет сағатында Астана, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары әкімдері орынбасарларының дені орысша сөйлегенін сынға алды.  Жалпы қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілікті қалай арттырамыз?
– Тілдің даму процесі өте күрделі құбылыс. Әрине, біздің өңірімізде қазақ тілінің қажеттілігіне байланысты мәселенің туындағанын байқағаным жоқ. Дегенмен, өзге аймақтарда бұл мәселенің бар екенін жасыра алмаймыз. Қазақ тіліне деген қажеттілікті арттыруға байланысты түрлі даму бағдарламаларын даярлаған дұрыс шығар. Бірақ, бағдарламалар қажеттілікті арттыруға көмек болмайды. Ең алдымен, барша азаматтардың осы мәселеге қатысты көзқарасы өзгеру керек. Бұдан бөлек сауаттылық мәселесі тағы бар. Әлеуметтік желідегі мәдениет төмен, жастарымыз желідегі пікірлерін қате жазады. Меніңше, тілдік орта ел дамуының алғы-шарты екенін толық ұғынғанда ғана дұрыс қалыптасады. Мемлекет бұл үшін көптеген іс-шаралар жасап жатыр. Мәселен, латын қарпіне көшу Қазақстанды жаһандық экономикаға біріктіруді көздейді. Мұны ел азаматтары қолдап, түсіну қажет.
– Қазіргі таңда ғарыш арқылы зерттеліп жатқан жұмыстар адамзаттың қарқынды дамуына серпін беріп жатқанын мойындау қажет. Заманауи ақпараттық технологиялар дамыған заманда өркениеттіліктің көрсеткіштерін осы ғарыш  жасап отыр. Дегенмен, дұрыс нәрсенің де бұрыс жағы болатындығы белгілі. Ғарышты игерудегі экологиялық ахуалға кері әсері ғана емес, қарапайым халыққа да түсінікті. Облысымызда орналасқан Байқоңыр әлемдегі бірінші және ірі ғарыш айлағы саналады. Еліміз ғарыш айлағын 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға беріп отыр. Бұл мәселе сарапшы маман дәл айқындайтын болжам емес. Өйткені, бұл зымырандардың құламауына қос мемлекет жауапты. Сондықтан зымырандарды құлатуға жол беріп отырған жауапты орындарды жауапқа тарту керек деп ойлаймын.  
– Жоғары палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң шығару процесіне атүсті қарауды тоқтату қажет» деп еді. Сіз қалай ойлайсыз?
– Жоғарыда атап өткенімдей, адам заң нормаларын сыйлау керек. Ол үшін заң да, шын мәнісінде, азаматтар құқықтарын қорғауы тиіс. Саяси жүйені саяси ғылымдарда түсіндіретіндей, мемлекет өз азаматтарын қорғағанда ғана, халық та қолдау білдіреді. Заң шығару процесіне атүсті қарау, Парламент пен Үкіметке сын қоғамдық көзқарасты туындатады. Бұл халық сенімін де азайтады. Мойындауымыз қажет, заңмен бір норма бекітіліп, халық осы талаптарға үйренісіп келе жатқанда, ұдайы жаңартылып отыратын заңдардағы өзгерістер келешекке деген сенімді жоғалтуы ықтимал. Сенат төрағасының бұл сөзі  нәтиже беретініне сенеміз.   
Ерхан АҚЫН
25 қазан 2018 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 46 (271)

15 қараша 2018 ж.

№ 45 (270)

08 қараша 2018 ж.

№ 44 (269)

01 қараша 2018 ж.

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930