» » » Мен қазақтың сары қызымын

Мен қазақтың сары қызымын


Shyn jurekten

Елена РЫБИНА,
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы:

– Елена қандай жұмыспен айналысып жүрсіз?
– Назарбаев Зияткерлік мектебінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған баспасөз қызметіндемін. 2014 жылдан бастап осы мектептемін, оқушылармен бірлесе жұмыс істеймін.
Жалпы өзіңізді қазақпын деп есептейсіз бе?
– Есіме түскен қызықты сәт 2 сыныпта оқып жүргенімде ауылда құрдастарымызбен бірге мерекелік кеш ұйымдастырып, аулада көршілерді жинап, жанды дауыспен ән айтып, би билейміз, арасында өнер байқауларын өткіздік. Осылайша қазақтың қара домалақ қыздары менің жан құрбыма айналып, әлі күнге дейін солардың кеңпейілділігін, қамқорлығын, қажет болған жағдайда қол ұшын беруге дайын болатын қасиеттерін сезініп келемін. Қазақ xалқының арасында туып өскендіктен қазақ тәрбиесін бойыма сіңірдім. Мені достарым қазақтың сары қызы деп атады.
Қазақтың салт-дәстүрі, ырымы көп екенін білесіз. Айтыңызшы сізге қай дәстүр, қай мереке ұнайды?
– Орыс xалқының салт-дәстүрінен гөрі қазақ дәстүрін көп білемін. Мысалы, наурыз мерекесі ерекше ұнайды. Әйелдер мерекесі, дүние есігін ашқан тұңғышымның туған күні осы айда, сондықтан болар Наурыз айы жаныма жақын. Алғыс айту күнінде бауырмал қазақ xалқына және бір шаңырақ астында бейбіт заманда өмір сүруге мүмкіндік берген ұлт көшбасшының көреген саясатына ризашылығымды білдіріп алғыс айтамын.
Қазақпен қандай да бір ұқсастық бар ма? Сіздің отбасыңызда...
– Отбасым ет тағамын ұнатады, әсіресе қазы қосылған, қамыры қолмен жайылған ет тамақ біздің шаңырақта сұранысқа ие.
Жастармен тығыз байланыстасыз. Осы кіші буынға қатысты қандай мәселе сізді алаңдатады?
Жаңа буын ойшыл, білім алуға құмар, инновациялық ізденісте, жаңалықтар ашуға ұмтылған, десе де шетелде білім алған жастар елге оралып, мемлекетіміздің жарқын болашағын құруға күш жұмсау керек деп ойлаймын.
Сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
21 ақпан 2019 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930