» » » ОТБАСЫМ – БАҚЫТЫМ

ОТБАСЫМ – БАҚЫТЫМ

   Абдусаид Төлегенов, сценарист:
         Отандық киноиндустрия "Ұлы дала комедиясымен" толығып, көптің көңілінен шыққаны белгілі. Бүкіл қоғамды жаппай қамтып, сол арқылы адамға көңіл-күй сыйлап, санасына зор ықпал еткен фильмнің  сценарийын жерлесіміз Абдусаид Төлегенов жазған-ды. Есімі елге танылған жерлесімізбен аз-кем әңгімелестік.

– Әңгіменің басын белгілі сценарист Абдусаид Төлегенов бүгінде қай қалада, қандай жобалармен айналысып жүргеннен бастасақ...
– Қазір Алматы қаласында "Өнер қырандары" театырымен бірге жұмыс істеп жатырмын. Аталған театрмен бірлесіп екі жобаны жүзеге асырмақпыз. Жыл сайын  дәстүрге айналған күллі мұсылманның мерекесі болған Рамазан айының құрметіне "Берекелі мереке" атты рухани кештін 5-бөліміне дайындық үстіндеміз. Сценарий жазу деген сияқты бастапқы жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жобамыз Алланың қалауымен үлкен экраннан көрсететін жаңа комедия. Әзірге атауы мен шығатын уақытын құпия ұстаймын. Өйткені бұл киноның тәртібі. Осы екі жоба мен үшін алдыңғы қатарда тұр. Сондай-ақ  жаз немесе күзде 7 арнаның тапсырысымен Ситком жарық көреді. Осы жобаны да жанымдағы жігіттермен аманат қылып алдық. Енді жүзеге асыру жұмысын жүргізудеміз.  
– Отандық жаңа фильмдердің басым бөлігі комедиялық жанрда. Бұл халықтың сұранысы ма әлде киноиндустриядағы оңай жанр ма?
– Дұрыс айтасың, отандық фильмды 100 пайыздық шкаламен есептейтін болсақ, осының 90-ны прокатқа комедияны ұсынып жатыр. Осыған дейін продюсерлер батылдыққа барып, түрлі жанрда түсіріп көрді. Оның ішінде  детектив, драма, мелодрама, тарихи барлығы болды. Бірақ мұның барлығын көрермен қабылдамады. Тек Ақан Сатаевтың фильмдері көңілден шықты. Сондықтан көбі кино түсірер алдында прокатты ойлайды. Продюсерлер зерттеп зерделеп комедияға тұрақтады. Бір жылда 50 ге жуық отандық кинолар жарыққа шығады. Мемлекет тапсырысымен шыққан 2-3 фильмді айтпасақ, қалғаны әзіл форматта.  Қазір көрерменге комедия жақын болып тұр. Осыны негізге ала отырып әзілге толы туындыны түсіріп, ұсынады. Десек те қазіргі көрерменнің талғамы да жоғары. Комедияны да таңдап көреді. Яғни сапалы әзілді біледі.  
– Актерлік шеберлігіңіздың бар екенін білеміз. Фильмде бір рөлді сомдап шығуға қарсы емессіз бе?
–  Мұның реті келе қойған жоқ. Себебі бірінші режиссер болу мен үшін алдыңғы қатарда.
– Режиссер болуды біраздан бері армандап келесіз. Бұл арманыңыз қаншалықты орындалып жатыр?
– Сәтін салса, 2020 да бір жобам бар. Бұл режиссерлық бағыттағы алғаш жұмысым болмақ. Форматы кең болғандықтан үлкен аренада болады. Негізі бұған дейін облыстық масштабта жұмыс істедім. Студенттердің қатысуымен  "Болашақ аялдамасы" деген киноны түсіріп көрдім. Ұсынған өнім жастарға ұнаған соң жалғасы тауып жатты. 
– Жоспарыңыздың көбін құпия ұстайтын көрінесіз. Жүзеге аспай қалады деп қорқасыз ба?
– Әрине, мазалайды. Өмір болған соң түрлі жағдай болады. Барлығын жарияға жар салып, жүзеге аспай қалса мен үшін үлкен сын болады. Сол себепті ақырын жүріп, анық басып соңына дейін күтем.
– КТА алаңында әзілдің сапалы шығуына атсалысып яғни редактор қызметін атқарғаныңызды білеміз. Бұл ортадан кетуге не мәжбүр болды?
– КТА жарыққа шыққаннан бастап редакторлық жұмысқа шақырту алып, бірнеше маусым қызмет атқардық. Әр қызметтің сапалы болуы ортаға байланысты. КТА-да жақсы орта қалыптасты. Бүгінде көрермені қалыптасқан жобаның бірі. Биылғы маусымнан бастап өз өтінішіммен қызметтен кеттім. Уақыттың тығыздығы, жұмыстың көп болуы деген секілді себептермен қол үздім.  
– Сәл артқа шегініс жасайық. Есен Елеукен бір сөзінде "Абдусаидтың актерлық шеберлігіне тосқауыл қойып, үлкен қателік жасадым" дегені бар. Бұл қалай болды?
– 2006 жыл республикалық "Маусымашарға" барған едік. Ол кезде облыста үздік ойыншымын. Қанат әзіл хабарлайды. Содан барлық әзілді ойнайтын өзім. Редакторлық жұмыстың. 1-2 кезенінде ойнап шықтым, 3 кезеңге өткен сәтте Есен Елеукен өзі қарап отырып: "мына әзілді Қанат ойнасыншы", – деді. Біз үшін ол кезде гала концерт басты мақсат. Әзілді кім ойнаса да бәрі бір. Ең бастысы эфирге жолдама алу. Сахнада Қанат ойнап, көрерменді күлкіге қарық қылды. Шынымен де менен қарағанда Қанат жақсырақ ойнайды екен деп қалдым.
– Бұл шешімге реніш туындаған жоқ па?
– Жоқ. Қанат екеуміз орын алмастырып, хабарлаушы болдым. Содан команданың барлық шаруаларын, құжаттар т.с.с біршамасын мойныма алдым. Яғни көшбашсылықты үйрендім. Әрі қарай жастар орталығы, КВН филиалын басқару деген секілді жұмыстар бастау алды
– Отбасыдан жырақ кетіп жұмыс істеу қаншалықты қиын?
– Отбасының қамы үшін Алматы, Нұр-Сұлтан секілді қалаларда жұмыс істеуге тура келді. Балаларымның жанында болмау кімге болмасын қиын. Отбасымды сағынам содан болар кейде жұмыс тоқтап қалады (күліп). Сондықтан Қызылордаға бір оралып, шабыттанып қайтамын.
– Кино тақырыбына қайта оралайықшы. "Ұлы дала комедиясы" сіз үшін қаншалықты табысты болды?
– Отандық кинолардың арасындағы алғашқы туындым, яғни киноиндустриядағы тұсауым осы фильм арқылы кесілді. Бұл бірінші табысым. "Ұлы дала комедиясының" ең басты жақсылығы  Умра сапары. Төреғали қасиетті мекенге барып қайтуға жолдама сыйлады. Сол жақтағы дұғалардын қабыл болғаны ғой. Кино сәтті шықты.
– Фильмның жалғасы шығуы мүмкін бе?
– Әзірге белгісіз. Егерде жалғасын тауып жатса ол филімге қатысым болмайтын шығар. Себебі менің ол тақырыптағы әзілдерім де, ойларым да таусылды. Сол киноға барлығын салдым. Бірақ Төреғали өзге тақырыпта кино түсірсе оған дайынбыз.
– 1 сәуір біздің санамызда күлкі күні емес алдау күні ретінде қалыптасқан. Дәл осы күні біреуді алдаған немесе алданған кезіңіз болды ма?
– Жоқ мұндай нәрсе мүлде болмады. Негізі ол мейрамды бұрыннан мойындамаймын. Тойлайтындай біздің мереке емес. Жұмыс бабымен шара ұйымдастырғаным болмаса атап өткенім жоқ. Сондықтан біреуді алдағаным  және біреуден алданғаным жоқ.
– Соңғы сұрақ. "Өнер қырандарын" театр асырай ма, әлде той ма?
– Театр.
Ерасыл ШӘРІБЕК
28 наурыз 2019 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 17 (294)

25 сәуір 2019 ж.

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930