» » » Біз үшін әрбір сәт қымбат

Біз үшін әрбір сәт қымбат


Ә
лібек ІЗБАСАРОВ,
Арал аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры:

– Қазір ауданда жастардың саны қанша? Аудандық жастар ресурстық орталығында жастар үшін қандай қызмет көрсетілуде?
– Статистикалық мәліметке сүйенсек, Арал ауданындағы халық саны – 79 150,  ал 14 пен 29 жас аралығында 18 314 азамат тіркелген. Оның ішінде, қала жастары – 6855  (37,4%), ауыл жастары − 11459(62,6%). Жастар аудандағы халық санының 23,1 пайызын құрайды.Аудандық жастар ресурстық орталығы жастардың барлық категориясына бағытталған 15 жобаны жүзеге асыруда. Сонымен қатар жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, қоғамдық қабылдау өткізу, сауалнама жүргізу, шығармашылығын шыңдау, өмірлік қажетті дағдыларға бейімдеу бағытында жұмыс жүргізуде. Аудандық кез келген жас орталыққа келіп өзіңе керекті көмекті ала алады. Біз жастарға барлық бағытта қолдау білдіреміз.
  •   – Жастарға арналған іс-шараның көбі флешмобтан аса алмай жүр. Сапасыз бейнеролик, жасанды суреттер... Бұл салғырттық па, әлде мүмкіндіктің аздығы ма?
   – Шынын айту керек, қазір жастарды тек флешмоб арқылы қызықтыра аламыз. Оларды іс-шараға қатыстырмас бұрын, оның қызығушылығына басымдық береміз әрі жастар өздерінің көңілінен шықпайтын шараға қатыспайды. Сондықтан мұны салғырттық деп айтуға келінкіремейді. Флешмоб – жастардың талғамынан шығудың бірден-бірі жолы.
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалына қаншалықты сенесіз?
Қазір ауданда түлектерге мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу, өндіріс мекемелерінде ашық есік күні, экскурсиялар өткізілуде. Кездесуде аймағымыздағы еңбек балансы бойынша кеңестер беріледі.  Айта кетерлік жайт, түлектердің мамандық таңдауда ата-ана, туған-туыстың да «әсері» бар екендігі жасырын емес. Меніңше, бірінші кезекте жастарға (түлектерге) елімізге қажетті мамандықтарды насихаттау, еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды тоқтатпау қажет. Бүгінгі күні жастардың техникалық мамандықтарға қызығушылығы артып келеді.
Өзіңізге белгілі, былтыр барлық аудандарды аралап, жастармен кездестік. Сонда байқағанымыз кездесуге келушілердің дені мектептің 6-7-8 сынып оқушылары. Сонда студенттер мен жұмыс істейтін жастар аудандық жиынға шақырылмай ма?
Көп жағдайда кездесуге мектептің 8-11 сынып және колледж студенттері қамтылады. Ашығын айту керек, кейде жиынға жастарды тарту қиынға соғады. Сондықтан, кейбір санаттағы  жастар үшін (жұмыссыз, көше жастары және т.б) ресми шараға қарағанда, бейресми форматтағы жиын өткізуге тырысамыз.
  – Жастардың шығармашылығын дамыту жұмыстары қалай жүргізілдуе?
   – Осы кезге дейін Жайдарман және «Крамп баллето» заманауи би сайысы тұрақты өткізіліп келеді. Соған қоса «Арал-АС» шығармашылық тобымен бірлесе өнерлі жастарды республикалық, облыстық байқауға қатыстырып келеміз. Жастар арасында танымал «Крамп баллето» заманауи би сайысының биыл ІІІ маусымы қорытындыланды.
  •   – Аудан жастарымен жұмыс істеуде «әттеген-ай» дейтін тұстар бола ма?
   – Жастармен жиі бас қосып, кездесу ұйымдастырамыз. Сонда студенттердің көбі тек − тыңдаушы. Қарсы сұрақ қойып, пікір алмасуға қауқарсыз. Өз ойын еркін жеткізе білетін жастардың аздығы қынжылтады.
– NEET санатындағы жастар саны қанша? Өткен жылға қарағанда өзгеріс бар ма?
  – Өткен жылы NEET санатындағы жастар саны – 681 жасты құраса, биылғы жылдың І тоқсаны бойынша – 516 жасты құрап отыр. Жыл басынан бері «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 6 мәрте өткізілді. Біздің басты мақсатымыз – жұмыссыз жастар санын азайту. Осы орайда "Бос жұмыс орындарына" жәрменкені көбейту жоспарда бар. Сол арқылы NEET санатындағы жастар саның азайтуға мүмкіндік бар.
Биыл − Жастар жылы. Осы ретте жастарға қатысты болсын, болмасын іс-шаралар "жастар жылы" аясында өткізіледі. Осыған көзқарасыңыз қандай?
        – Әрине, биылғы жыл біз үшін маңызды. Меніңше, жастар жылы тек шарамен ғана емес, жастардың жан-жақты дамуына, жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалардың кемшіл тұстарын толықтыру, жастардың әлеуетін арттыру және алдағы жылдарға жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.             
      – Әлеуметтік желілерден түңгі уақытта рейд жұмыстарының жүргізілетінің байқаймыз. Нәтиже қандай?
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында түнгі мезгілде рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Рейдтің мақсаты – профилактикалық жұмыс барысын жастарға түсіндіру. Нәтижесінде қазір жастар кешкі немесе түнгі уақытта көпшілік орындарда жүру заңдылықтарынан хабардар. Бірінші кезекте алдын-алу болғандықтан ата-анасына ескерту беріледі. Қайталанған жағдайда, ата-анасына хаттама толтырылып, бала есепке алынады және айыппұл салынады. 
– Өзіңізге есеп берсеңіз, не нәрсеге қанағаттанар едіңіз? Қазақта «отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмайды» деген сөз бар. Не істеуге үлгермеген секілдісіз?
   – Төле би Қазыбек биге бата бергенде «өмірің түзде өтсін» деген екен, бұл халық үшін қызмет қыл дегенді меңзейді. Халық үшін қылып жатқан еңбегім, жеткен биігім мұнымен тоқтап қалмаса екен деймін. Әрдайым ел игілі үшін қызмет етуге дайынмын.
  •   – Журналист Нұртөре Жүсіп: «Мінезсіз адам – майонез секілді. Кез келген салатқа қорықпай қоса беруге болады» дейді. Өзіңіздің мінезіңіз қандай? Жұмыс пен үй арасындағы бейнеңізде өзгешелік болады ма?
  •   – Жүрегіме қабылдағышпын. Эмоцияға берілгіш. Жұмыста да, үйде де адамның көңіл-күйіне қарап жүремін. Жалпы көңілді жүрген ұнайды. Көңіл күйім болмаған уақытта жаныма ұнайтын музыка тыңдасам жеткілікті.
  •     – Әлем ойшылдарынан кімді үлгі тұтасыз?
  •     – А.Құнанбаевтың қырық бесінші қара сөзінде «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да, махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп», – деген тағылымды сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән бар. Д.Дидро «Оқуды қойған адам, ойлануды қояды», Конфуций «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын. Маған көрсетсең, мен есімде сақтай аламын. Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең, сонда бұл мәңгілік менікі болып қалады», Максим Горькийдің «Аз да болса өз ақылың болсын» деген сөзің ұстанамын.
– ҰБТ-ға дайындық қалай жүргізілуде?
– Биыл 730 бітірушінің 425-і ҰБТ-ға қатысады. Алда мектеп бітіруші түлектердің мамандықпен білім алуына бағыт-бағдар беру бойынша қосымша жұмыстар атқарылып, жазғы мезгілде жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жоспар бойынша шаралар жасалады. Теңіз жастарының осындай табыстарына тоқмейілсуге болмайды. Жас буынның болашағын бала кезінен қалыптастыруда ата-аналармен жиі кездесу ұйымдастыру, жастар жұмыссыздығының басты себептерін анықтау, кәсіп ашуға ынталыларға кеңес беру, т.б. жұмыстар тоқтаусыз атқарылатын болады. Арманға құлаш ұрған айдынды теңіз жастарының жарасымды тірлігі көпке үлгі боларына сенім мол.
– Жастар жылына орай өткізілетін маңызды іс-шараларды атасаңыз?
Биыл жастар жылын атап өтудің кешенді жоспарына сәйкес, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жастар ресурстық орталығы жанынан коворкинг орталығын ашу, Қамбаш көлі жағасында облыстық слет өткізу, Арал ауданына қарасты ауыл жастарының күндерін өткізу, барлық деңгейдегі қала, кент және ауыл әкімдерімен, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен жастардың бейресми кездесуі, көршілес Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы жастарымен бірлескен меморандумына сәйкес, екі аудан жастарының бірлескен шаралары, аудан әкімінің жастарға арналған сыйлығын табыстау секілді жұмыстарды атқару көзделуде.
– Бұл іс-шаралардың маңыздылығына тоқталсаңыз... Басқалардан айырмашылығы неде?
– Биылғы шараның басы аудандық мәдениет үйінде «Жастық. Жігер. Мүмкіндік» атты жастар жылының ашылуымен өтті. Онда аудан жастарының қолөнер бұйымдары және әр сала бойынша жеткен жетістіктері қойылған көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевта Жастар жылының ашылуымен салтанатты түрде құттықтап, биылғы жылдың жастар үшін маңызы зор екенін айтып, мемлекет тарапынан кейінгі толқынға жеткілікті деңгейде қолдау жасалып жатқандығын жеткізіп, тынбай еңбек етуге шақырды. Бүгінде аудан әкімі жанындағы Жастар кеңесі тұрақты өткізіліп, кеңес барысында өзекті мәселелер шешімін табуда. Ауданға қарасты қала, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің жастармен бейресми кездесу кестесі бекітілді. Бүгінгі күнге дейін Сексеуіл және Жақсықылыш кенттерінің әкімдері жастармен кездесу өткізіп, жиында көтерілген мәселелерді жастармен бірігіп жүзеге асыруда. Осы кездесулердің нәтижесінде кенттерде әкімдік жанындағы жастар кеңесі құрылды. Сонымен қатар жыл бойы аудандағы тиісті дербес бөлім басшыларымен жастардың бейресми кездесулері өткізілетін болады.
Аралда 2017 жылдан бері «LECTORIUM» кездесулер сериясы өткізіліп жүр. Кездесуге аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық мәслихат хатшылары, кәсіпкерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ауған соғысының ардагерлері, «Арал-АС» және елімізге белгілі жайдарман команда жетекшілерімен басқосулар өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта, аудандағы қоғам қайраткерлері, белгілі азаматтармен кездесулер өткізу жалғасын таппақ. Ауданда «Жас толқын» еріктілер тобының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы тұрақты жүруде. Еріктілер аудандағы ҰОС және тыл ардагерлері, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, еліміздегі «Жеңіс» жобасы аясында тыл ардагерлеріне тұрақты түрде азық-түлік пен дәрі-дәрмектер беріліп келеді. Маңыздылығы барлығына жастарды қамтығандығымыз. Сондай-ақ ел игілігі үшін жасалатын шаралар легі.
  • – Арманыңыз қандай?
  • – Арманым –  менің жеке әлемім. Болашақта ел тізгінін ұстар азамат болғым келеді. Ешқандай жағынусыз мемлекеттің дамуы, өркендеуі жолында тынбай еңбек еткім келеді.
 – Бастаған әңгімені қортындылайтын межеге келіп қалған сияқтымыз. Түйін сөзді өзіңіз айтсаңыз?!
– Өмірдің иірімінде қиындық пен қызық қатар жүреді. Әрбір сәтті бағалай білу керек. Өмірге деген қызығушылық адамды биікке жетелейді. Қиындыққа мұқалмау, ауыртпалыққа жұқармау бақытты ғұмыр сүрудің алғышарты. Жетістікке тасып тасыраңдау − парасат пайымы төмен адамның әрекеті.    
Сұхбатыңызға рахмет!
 
  Әңгімелескен Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
07 маусым 2019 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031