» » » "ҚАЙСАРДАН" ЛӘЗЗАТ АЛАМЫН

"ҚАЙСАРДАН" ЛӘЗЗАТ АЛАМЫН

     Ерсұлтан Нағашыбекұлы, "Zhastar Fan" клубының жетекшісі:

 90 минут түрегеп тұрып қолдау көрсететін Еуропалық фанаттар Еліміздеде қалыптасып келе жатыр. Стадионға ағылатын жанкүйерлердің басын біріктіріп, бір деммен қолдау білдіретін  "Zhastar Fan" клубының белсенділігін  "Қайсардың" әр ойынында байқап жүрміз. Жастар қозғалысының  жетекшісі Ерсұлтан Нағашыбекұлын әңгімеге тартып, фан клубтың құрылуы,  дамуы өзге де қызықтарын сұрадық.

– Ерсұлтан, әңгімені  Елге танымал бола бастаған "Zhastar Fan" клубының алғашқы баспалдағынан бастасақ...
– Бала кезден "Қайсар" футбол командасының өз алаңындағы ойындарын қалт жібермей стадионға асығатынбыз. Сүйікті командам үшін  қаланың арғы бетінен яғни Шанхай м/а жаяу келіп, қолдау білдірген сәтім де әлі есімде. Бір байқағаным, команданың тұрақты жанкүйері қалыптасқан. Әр ойынға келсең бейтаныс жүзді байқай қоймайсың. "Ақтөбенің"  13 сектор деп аталатын фан клубын барлығыңыз білетін  шығарсыздар. Сондай фан клубты өз қаламыздан неге ашпасқа деген ой келді. 2014 жылы Жастар одақтары қоғамдық бірлестігі жанынан ойлаған нәрсемізді іске асырдық. Негізінде фан клубты ашуда Жасұлан Алдабергенов есімді ағамның ықпалы көп болды. Сол кісінің бастамасымен 2014 жылы 10 наурызда "Ордабасыға" қарсы ойында жұмысымыз басталды. Бағымызға орай сол ойында "Қайсар" 1-0 есебімен жеңіп, үмітімізді ақтаған еді.
– Жаныңызға қосылып, жанкүйер болып жүрген жастардың саны аз емес шығар?
– Бүгінде "Zhastar Fan" клубында 100 ге тарта жанкүйер бар. Сүйікті командасы үшін барын беруге дайын. Кейде футбол үшін той-жиынды ысырып қоятын сәттер көп болады. Өйткені "Қайсардан" ләззат аламын. Команда жеңсе қуанып, жеңілсе жігер сыйлауға дайын тұрамыз. 2014 жылдан бері құрамымыз біршама өзгерді. Өйткені көбісі отбасын құрып, туған жеріне аттанды. Әлі де фанаттарды көбейту
үшін жұмыс істейміз.
– Қалың топқа қосылу үшін үміткерлерге қандай талап қоясыздар?  
– Ең бастысы, жасы 16 дан асып, оң-солын білетін жастар болу керек. Сонан соң бар махаббатын  "Қайсарға" арнауы тиіс. Өйткені оның шынайы жанкүйер болғаны маңызды.
– "Қайсарды" қолдау  үшін сырт қалалар да сіздер үшін алыс емес шығар?
– Әрине, сырт қалаға да жиі шығамыз. Клубтың басшысы Серік Құттыбайұлының қолдауының арқасында Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан секілді қалаларға барып, командамызға қолдау көрсеттік. Мұндай мүмкіндік барлық команданың жанкүйерлеріне беріле бермейді.
– Өзге команданың фан клубынан қандай айырмашылықтарыңыз бар?
– Барлығының мақсаты бір болған соң, асып бара жатқан артықшылығымыз жоқ. Дегемен биыл Еуропа лигасы аясында "Ордабасы" командасына қолдау білдіріп, Шымкент қаласына барып қайттық. Әлемдік аренада отандық клубтарды қолдауды да жөн деп санадық. Өйткені Елдің намысы үшін олар тер төгеді.
– 6-қазанда "Қайсар" Қазақстан кубогының финалында "Атыраумен" кездеседі. Айтулы ойында  "Zhastar Fan" клубының қолдауы қасқырлар үшін керек-ақ.  Нұр-Сұлтан қаласында болатын кездесуден қалыс қалмайтын шығарсыздар?
– Иә, "Қайсар" үшін  биылғы маусым ерекше өтуде. Команда 20 жылдан кейін Қазақстан кубогының ақтық сынына шығып, жанкүйер қауымды қуантты. Енді кубокты алу үшін бір қадам жасаса жеткілікті. Әрине, командамызды қолдау үшін Елордаға барамыз. Маңызды ойында сүйікті командамыздың мәртебесін көтеруіміз керек. Құдай сәтін салса, "Атырауды" жеңіп, келер жылы Еуропа лигасында бақ сынауға мүмкіндік алуымыз керек.
– Сәттілік!
Әңгімелескен:
Ерасыл ШӘРІБЕК
10 қыркүйек 2019 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930