» » » Уақыт өзгерді, әдістеме де өзгерді

Уақыт өзгерді, әдістеме де өзгерді

   Бабыр ӘДІЛХАНҰЛЫ, Орал қаласының MegaMind зияткерлік дамыту орталығының директоры:

Байқасаңыздар, қазір ментальды арифметика өте бір сәнді нәрсе болып тұр. «Халықаралық» олимпиадаларынан орын алып, теледидардан күнде бір сандарды тез-тез қосып, азайтып жатқан білгіш бүлдіршіндер де елдің бұған деген қызығушылығын оята түскен секілді. Mega Mind зияткерлік дамыту орталығының директоры Бабыр Әділханұлымен әңгімеміз де осы турасында болды.
 – Ментальды арифметика дегеніміз не?
– Ментальды арифметика – интеллектті дамытуға арналған курс. Бала математикалық есепті бірінші абакуста саусақпен есептеп, кейін елестету арқылы есептеуді үйренеді. Бұл есептеу техникасы 0 ден 9-дейін сандар 5 тас арқылы көрсетілгендіктен формула пайда болады. Осы формула әсерінен есептеу техникасыда өзгеше болады. Абакуста бала қосу, азайту, көбейту, бөлу және түбір асты сияқты математикалық амалдарды орындай алады.
– Оны үйренуге қанша уақыт кетеді?
– Баланың үйренуі алғашқы сабақтан басталады. Ал толық курсты меңгеріп шығу баланың қабілеті мен жаттығуларды көп орындауына байланысты. Сонымен қатар баланың жас ерекшелігін ескеру қажет. Бала жасы кіші  болған сайын түсіндіру, үйрету қиын, бірақ елестете отырып есептеуді қалыптастыру жеңіл. Ал жасы үлкен балаларда керсінше үйрету жеңіл, бірақ елестете есептеулері қиындау соғады. Сол себепті ментальды арифметиканы 5-7 жаста бастағау ең тиімді уақыт деп есептеледі. Оқу ұзақтығы методика мен материалдарына байланысты 20 айдан бастап 42 айға дейін жалғасуы мүмкін.
Таяқтың екі ұшы бар. Бұл тақырыпқа байланысты да педагогтар пікірі екіге жарылып тұр. Бірі ментальды арифметика білім көзі десе, екіншісі қаражат пен уақытты босқа шығындау деп есептейді. Сіз қалай ойлайсыз?
– Екі пікір де орынды және екеуінің де салмақты себептері бар. Балаларды дамытуда нәтиже болмаса Жапония, Сингапур сияқты елдерде бұл методика дүниеге келмес еді, бізде оны қолданбас едік. Демек бұл туралы сөз қозғап отырғанымыз, кешегі күндерде бұл сала еңбек етті деген сөз. Ал еліміздің ең мықты математигі Асқар Жұмаділдаевтың  сынынан кейін ментальды арифметикаға біздің де көзқарасымыз өзгерді. Сол себепті де қазір  біздің оқу орталығымыз, яғни Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында, менталды арифметика курсынан сабақ берілмейді. Одан бас тарту себебіміз, қысқа уақытта максималды нәтиже беретін курстар жүргізу болды. Ал ментальды арифметиканы меңгеру ұзақ болғандықтан, біздің концепциямызға тура келмейді.
Екінші себеп, ментальды арифметика 5-12 жас арасындағы балаларға интеллектті дамытуға арналған ең алғашқы курс болды, бұл басекелесі  жоқ, көптеген курстың ашылуына алып келді. Күшті жарнама мен жиі өтіп жатқан халықаралық олимпиадаларға ата-аналар балаларын барлық шарттарына көніп, қолдан келгенін аямай апарып-ақ келді. Методикасы мәлім емес курстар одан да үлкен қызығушылық тудырды. Сабақтан тыс уақытта пайдалана алмағандықтан курс өте ұзаққа созылады. Курсты деңгейге бөліп, әр кезең сайын кітап сатып алу қосымша шығындануға алып келді. Жеке курс болғандықтан бұл бизнес иелерінің табыс көзіне айналды.  
Үшінші себеп ментальды арифметиканы математикамен шатастырушылар көп. Көпшілік оқушылардың математикасын видеодағыдай есептеп үйренсін деп әкелгенмен нәтижесі күткеніндей болмаған соң ақша мен уақыт текке кеткен деп есептейді.  
Төртінші себеп, методика айырмашылығында. Бастауыш сыныпта балалар мен мұғалімдер математика сабағында жаңа қиыншылыққа тап болуда. Жылдам есептей алатын баланың санның мәнін түсінбеуі, мектеп методикасына сай есептей алмағандығы ата-аналарды басқаша тығырыққа тіреді. Адам миы әрдайым жеңіл жолды іздейді, есептің жеңіл жолы тұрғанда бала неге мектептің «қиын» жолын таңдасын?!
– Әлемде ғылым түрі өте көп. Ал, мұны ғылым деп айта аласыз ба?
– Бұл ғылым емес, бұл есептеудің кішігірім өзгертілген түрі. Ғалымдар мидың сол жартышары логикалық ойлауға, ал оң жартышары шығармашылық қабілетке жауапты болатынын анықтады. Мысалы, егер оң қолды қимылдатса, сол жартышарлардың қызметі іске қосылады, ал егер екі қолды бірдей іске қосса, бала дамуында елеулі жетістіктерге жеткізуге болады. Инновациялы әдістің көздегені де осы болса керек. Уақыт өте келе жаңашыл әдіс арқылы баланың ойша жылдам есептеуі, аналитикалық қабілеттердің пайда болуы сияқты алғашқы жетістіктерін байқауға болады.
Сіз балаларды каллиграфияға да үйретеді екенсіз. Оның қаншалықты балаға қаншалықты пайдасы бар?
– Ия, бізде каллиграфия курсы бар, сонымен қатар мнемотехника, көбейту кестесі, жылдам оқу курсы да қарастырылған. Аты айтып тұрғандай, каллиграфия курсы балаларды көркем жазуға үйретеді. Мектепте баға қою критериясының бірі – жазудың дұрыс болуы. Бала өз ойын қағазға түсіріліп, саусақтарын басқара алу арқылы ақыл ой қабілетін дамыта алады. Өз қолын басқара алмайтын адам қалай басқа адамды басқара алуы мүмкін?! Осыған бір мысал, Қытай Халық Республикасында мемлекеттік қызметке тұру үшін диктант жаздырады екен. Қаншама қатысушы білімді болғанмен қағазға түсіре алмаған соң төмен баға алып, оқуға деген ынта-ықыласы төмендеп, ата-ана тарапынан қысым көретін жағдай жиі кездеседі. Шын мәнісінде бұл өте маңызды курс.
– Қазіргі таңда баланың есте сақтау қабілеті нашарлауда. Мнемотехниканың осы орайда пайдасын айтып өтсеңіз?
– Менің ойымша адамның есте сақтау қабілеті нашарлап жатыр деген дұрыс емес. Қабілет сол деңгейде. Бірақ заман өзгеріп, адам бүгінде I ғасырда алатын ақпаратты бір тәулік ішінде алып жатыр. Бұл ақпарат дариясынан күнде жаңа ақпарат миымызға қонуда деген сөз. Жұмыстан үйге жеткенше, жүздеген жарнама, машина номері, радио, адамдар, қысқасы барлық ақпарат миымызға қонып. ақпарат жәшігін толтыруда. Бұл жәшіктен керекті ақпаратты табу, қол жеткізе алу қиын. Мнемотехника – баланың ақпаратты дұрыс қабылдап, жеңіл еске түсіруді үйрететін курс. Сонымен қатар креативті ойлап, логикалық тапсырмаға жауап беру арқылы жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Бұл жаңа бағыт болғандықтан балалардан және ата-аналардан қандай нәтиже көріп жатқанын сұраймыз. Өзіміз жоспарламаған ретпен мәнерлеп айту, сөздік қорының артуы, мектепте сабақтарда қолданып өздерінше жаттаулары да ата-аналар тарапынан айтылатын пікірлері бізге пайдалы болады.
– Сұқбатыңызға рақмет
Байтүгей СУАН
17 қыркүйек 2019 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031