» » » SANKT-PETERBYRGTEN SALEM! Зарина ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті: Адам болатын бала алысқа қарайды

SANKT-PETERBYRGTEN SALEM! Зарина ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті: Адам болатын бала алысқа қарайды


Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан Санкт- Петербург қаласында да қызылордалық жастар сапалы білім алуда. Осы аптада SALEM айдарының кезекті қонағы Зарина Мұхтар «Мәдениеттің астанасы» саналатын қала жайлы кеңінен әңгімелеп  берді.


Суық қалада жылы жүзді адамдар көп
     − Қаладағы «Мұрагер» мектебін бітірген соң, Санкт-Петербург мемлекеттік университетіне жылу энергетикасы мен техникасы және менеджмент мамандығы бойынша оқуға түстім, − деп бастады Зарина әңгімесін. − Санкт-Петербург − алты миллионға жуық тұрғыны бар Ресейдің мәдени астанасы. Ол өзге қалалардан көп жылдық тарихымен, сондай-ақ заманауи архитектурасымен ерекшеленеді. «Жарық түн қаласын»   бір сөзбен мүмкіндіктер аймағы деп суреттеуге болады. Ең алғаш шекара асып, бейтаныс елге жеткенімде қаланың үлкендігіне қарамастан тұрғындарының маған жылы қабақ танытуы қатты таң қалдырды. Мұндағы жергілікті халық өте мәдениетті және сырттан келген қонақтармен тез тіл табысуға, қолыннан келгенше көмек беруге дайын тұрады. Сондай-ақ қалада жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген орталық бой көтерген, соның ішінде спортпен шұғылдануға арналған алаңдар, тарихи музейлер, әртүрлі бағыттағы үйірмелер, балет театры, халықаралық фестивальдер мен көрмелер жастардың тұлға ретінде дамуына орасан зор пайдасын тигізері сөзсіз.
300  жылдық саябақ, Эрмитаж және басқалары...

   
 − Алғашында аймақтың суық ауа-райына үйренісу қиындық тудырды, біздегідей емес, мұнда ауа үнемі тұманды, ылғалды болып тұрады. Тіпті қыста күн көзі көрінбейтін сәттер де жиі кездеседі, соның бәрі біздің көңіл-күйімізге, ағзамызға айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен қаланың сан ғасырлық тарихы таңбаланған әрбір орын адамға тыныштық пен демалыс сыйлайды. Мәселен, Санк-Петербургтің 300 жылдық саябағы – маған ерекше ұнайтын орынның бірі. Осы жерде отырып кітап оқу және болашақ армандар жайлы ойлану кімді де болсын ерекше әсерге бөлейді. Дүниежүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай саналатын Эрмитаж да қалаға келушілердің қызығушылығын арттыра түседі. Айта кетейін мұражайда Рафаэль, Леонардо до Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары сақталған. Мұнда шамамен 2 миллион 400 мың шамасында құнды дүниелер жинақталған. Сонымен қоса  Петергоф субұрқақтары да алып шаһардың көркін одан әрі айшықтай түседі.

Жұмыс істеу жеткіліксіз, сондықтан...


      − Санкт-Петербургтағы қазақстандық жастармен жиі араласып тұрамын. Бос уақытымызда бәріміз жиналып, әртүрлі тақырыпта қызықты жиын ұйымдастырып, кеңінен әңгімелесеміз. Ал Қызылорда қаласына жылына бір рет, жазғы демалыста барып тұрамын. Бір түсінгенім, Санкт-Петербургте тұлға ретінде жоғары деңгейге көтерілу үшін тек жұмыс істеу жеткіліксіз, сондықтан өзіңді жан-жақты қабілетіңмен дәлелдей алуың қажет. Өзім бос уақытымда түрлі мәдени шара, көрме және концерттерді ұйымдастырумен айналысамын. Дәл қазіргі кезде атқарылған жұмыстың бәрі бізден кейінгі буынға көп пайдасын тигізетініне сенімдімін. Болашақта өз замандастарымның да жастық қуатын бекерге жұмсамай, биік мақсатқа жетіп, абыройлы тұлғаға айналғанын қалаймын, − дейді кейіпкеріміз Зарина.
       
Гүлдана ЖҰМАДИН
27 наурыз 2020 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930